Азық-түлік өнімдері адам басына 5 келіден артық берілмейді
Көрші өңірлермен ауыл шаруашылығы өнімдері жасыл дәліз арқылы тікелей жеткізіледі.
Ұнтақ, жарма және дәнді азық-түлік өнімдері кісі басына 5 келіден артық берілмейді. Бұл туралы қалалық инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы брифинг кезінде айтты, деп хабарлайды "Хабар-24".
Қоғамдық тамақтану орындары тапсырысты тек онлайн түрде қабылдайды. Бүгінде қала қорында 48 мың тонна азық-түлік бар.
Көрші өңірлермен ауыл шаруашылығы өнімдері жасыл дәліз арқылы тікелей жеткізіледі.
Қалаға кірер алдында жүргізушілердің денсаулығы тексеріледі.
Тасымалдаушы көліктер қоймаға тіке барып тіке қайтуы керек.