"Өзбекстанның ислам қозғалысы" идеясын қолдаған ер адам Қазақстанда ұсталды

Oinet.kz 29-01-2020 1235

Түркістан облысы Келес ауылының тұрғыны лаңкестікке ашық үндеген. Оны Ұлттық қауіпсіздік департаментіның қызметкерлері қолға түсірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz порталына Oinet.kz  сайты сілтеме жасап.  

photo_63230.jpeg

56 жастағы Нұриддин Ахраров көшеде кетіп бара жатқан жерінде ұсталған. Салафизмді ашық үгіттеп жүрген азамат тыйым салынған "Өзбекстанның ислам қозғалысы" идеясын қолдап, тіпті мешіттерде имамдармен салғыласып жүрген көрінеді. 

Оның үйін тінту кезінде радикал өзбек уағызшысы Абдуали қоридің 8 кітабы табылған. Өзі де жиһадқа дайындалып жүрген азамат лаңкестікті насихаттағаны үшін 12 жылға дейін сотталуы мүмкін.  

Ер адамның төрт баласы мен жары бар, қазір олармен теологтар жұмыс істеп жатыр. Ұсталған азамат өзінің салафит екенін жасырмайды.

Атырау облысы: Мемлекеттік кірістер департаменті бастығы ұсталды
Қостанайда 2 жұмысшы қар астынан табылды (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу