Атырау облысы: Мемлекеттік кірістер департаменті бастығы ұсталды

Oinet.kz 29-01-2020 1368

Күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігімен сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдік тағылған Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді басталды, деп хабарлайды Zakon.kz порталына Oinet.kz сайты сілтеме жасап.

photo_291541.jpg

Ол жүйелі түрде пара алды деп күдіктелуде, бірінші жағдайда – өзіне бағынышты тұлғадан оны қызметте көтермелеу және жалпы қамқоршылығы үшін талап етілетін 10 мың АҚШ долларынан 3 мың АҚШ долларын, екінші жағдайда – жеке кәсіпкерден оның кәсібін салықтық тексеріссіз жабуға жәрдемдескені үшін 490 мың теңге пара алған.

Күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Оның кінәсінің дәрежесі туралы түпкілікті шешімді сот қабылдайды.

Нұр-Сұлтаннан барлық бағыт бойынша шығуға тыйым салынды
"Өзбекстанның ислам қозғалысы" идеясын қолдаған ер адам Қазақстанда ұсталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу