Ауғанстанда жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады
Ariana Afghan Airlines ұшағы Ауғанстанның шығысындағы Газни провинциясында құлады.
Бұл туралы 1TV арнасы хабарлады.
Алдын ала мәліметтер бойынша, бортта 83 адам болған.
Газни губернаторының өкілі Ариф Нури оқиғаның Дех-Як аймағында болғанын айтты.
Tolo News бұл аймақ Талибан бақылауында екенін айтады. Дереккөз «арнайы күштер» сол жерге кетті деп қосты.