Қоғам мен билік арасындағы диалогты дамытуға бағытталған телевизиялық жоба басталды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын іске асыру аясында қоғам мен билік арасындағы диалогты дамытуға және нығайтуға бағытталған «Мәжіліс.kz« жаңа телевизиялық жобасы басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасаған OINET.KZ.

Бүгін «Хабар» телеарнасында «Мәжіліс.kz» жаңа бағдарламасы басталады

Апта сайын әр жексенбіде Мәжіліс депутаттары, заң жобаларын жасаушылар, азаматтық қоғам өкілдері отандық заңнаманы жетілдірудің өзекті мәселелерін талқылайды, қандай да бір заңдарды қабылдау не үшін қажет, қазақстандықтардың өміріне олардың қалай әсер ететіні туралы әңгімелейді. Жаңа тележобаның алғашқы қонағы – Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин. Бірінші шығарылым бүгін, 19 қаңтарда, сағат 18:45-те «Хабар» телеарнасынан көрсетіледі.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Прокуратура: Дулат Ағәділ жүрек-қан тамыр жеткіліксіздігінен қайтыс болды
  • Үндістанда мұсылмандардың шалбарын шешіп, мұсылман еместігін анықтамақшы болған
  • Қазақстандағы дүнгендердің Қытаймен байланысы анықталды
  • Әскери қызметші ұрлаған қару-жарақтар толықтай табылды
  • Коронавирусқа шалдыққан науқас неше адамға вирус жұқтыруы мүмкін
  • Ақпарат

    • Oinet.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16379-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер

  • Яндекс.Метрика