Мейрамбек Беспаев Зағипа Балиеваға алғыс айтты

Oinet.kz 19-01-2020 3615

Қазақстан орындаушылар одағы төңірегіндегі дауға нүкте қойылғандай. Осыған дейін одақтың бұрынғы басшысы мен депуат Зағипа Балиева қоқан-лоққы жасап  қысым жасап жатыр деп мәлімдеген әнші, Қазақстан орындаушылар одағының басқарма басшысы Мейрамбек Бесбаев екі тарап ортақ келісімге келгенін айтып, Зағипа Балиеваға алғыс айтты.

Screenshot_2.jpg

“Кешелі бері Қазақстан орындаушылары одағы маңындағы өрбіген жағдайға байланысты келесіні хабарлаймын. Бүгін ұйымның бұрынғы басшылығымен кездесу өткіздім. Ортада қалыптасқан барлық мәселелер бойынша келіссөздер жүріп, ортақ шешімге келдік. Біріншіден, менің заңды түрде басшы ретінде әділет органдарында тіркелуіме бұрынғы басшылық ешқандай кедергі келтірмейтін болды. 

Екіншіден, одақтың басқа ұйымдар мен құрылымдардың алдындағы міндеттемелерді бұрынғы басшылық және біз екі жақтап шешетін болдық. Біздің тараптан ұйымның болашақтағы барлық жұмысы таза, ашық жүргізілетінін айттық, кей шаруаларға қатысты бұрынғы басшылық нақты ақпарат беріп отыратын болды. Бір елдің балалары болғандықтан, сөзге тоқтаған текті халықтың ұрпағы болғандықтан, біз ортақ мәмілеге келдік. Сол себептен, қазақтың көрнекті мемлекет қайраткері, құрметті апайымызға қатысты кеше жариялаған постымды алып тастаймын. Кеше орын алған мәселені ары қарау ушықтырмай, тез арада шешілуіне ықпал еткен Зағипа Яхияқызына алғыс айтамын!” деп жазады әнші instagram парақшасында.

Қоғам мен билік арасындағы диалогты дамытуға бағытталған телевизиялық жоба басталды
Кәрім Мәсімов «Құрметті президент» атанды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу