Жан түршігерлік ұшақ апаты салдарынан 14 адам қазақ тапты

Oinet.kz 27-12-2019 949

Бүгін таңғы сағат 07:22-де "Бэк Эйр" әуе компаниясының Fokker 100 ұшағы Талғар ауданындағы тұрғын үй секторына соғылды, деп хабарлайды OINET.KZ.

Алматыда 95 жолаушы мінген ұшақ апатқа ұшырады

Ұшақ "Алматы – Нұр-Сұлтан" бағыты бойынша ұшып шыққан. Әуе кемесі екі қабатты ғимаратқа құлады. Өрт шыққан жоқ.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, апат 14 адамның өмірін қиды. Ұшақта 95 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған.

Президент тапсырмасымен премьер-министр жетекшілік ететін комиссия құрылды. Оны премьер-министрдің орынбасары басқарады.

Комиссия құрамына индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі мен басқа да мемлекеттік орган өкілдері кірді. Комиссия оқиға орнына ұшып кетті.

Бұған қоса, Fokker 100 ұшақтарын пайдалануға уақытша тыйым салынды.

Жедел қызмет штабы құрылып, шұғыл желі жұмыс істеп тұр: 8 (7172) 53-32-84, Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаменті – 8 (7282) 22-02-13, 22-02-18, Нұр-Сұлтан қалалық ТЖД –  8 (7172) 24-52-12, 24- 51-71, 24- 51- 47.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қаза болғандардың жақындарына қайғырып көңіл айтты.


Түркістан облысында ақпараттық-ағартушылық штаб мүшелері өз жұмысын бастады
28 желтоқсан жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу