«Болашағына сенемін». Дональд Трамп қазақстандықтарды тәуелсіздік күнімен құттықтады

Oinet.kz 13-12-2019 1019

Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Қазақстанның тәуелсіздік мерекесіне орай шет мемлекеттердің басшыларынан құттықтау хаттар мен жеделхаттар келіп түсті. Қазақ халқын тәуелсіздік күнімен құттықтаған көшбасшылар арасында АҚШ президенті Дональд Трамп та бар деп хабарлайды Oinet.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Дональд Трамп.jpg

Америка құрама штаттарының президенті Дональд Трамп жеделхатында елінің және жеке өз атынан Қазақстан халқын тәуелсіздіктің 28 жылдығымен құттықтаған.

"Берік серіктестігіміздің арқасында соңғы 12 ай ішіндегі қол жеткізген жарқын жетістіктерімізді зор қуанышпен атап өткім келеді. Біздің ядролық қаруды таратпаудан бастап терроризмге қарсы күреске дейінгі мәселелерді шешу ісіндегі ынтымақтастығымыз әлемді едәуір қауіпсіз әрі тұрақты етті", – делінген жеделхатта.

Дональд Трамп Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан президенті ретінде тәуелсіздік мерекесін алғаш атап өтіп отырғанын айтып, жаңа жылдың табысты болуына тілектестік білдірген.

"Америка Құрама Штаттары Сізбен және Қазақстан халқымен жемісті жұмыс істеуге дайын. Сіздің күш-жігеріңіздің арқасында Қазақстанның болашағы жарық әрі табысты болады деп сенемін", – делінген АҚШ президентінің құттықтауында.

Үндістан Президенті Рам Нат Ковинд өз құттықтауында мемлекеттер арасындағы өзара байланыстардың тарихи арқауы берік екенін атап өтіп, Қазақстанның өсіп-өркендей беруіне ниеттестік танытқан.

"Үндістан мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастар ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан тарихи және мәдени байланыстарға негізделген. Екі ел арасындағы көпжақты және екіжақты қатынастар стратегиялық серіктестікке ұласты. Ынтымақтастығымыз одан әрі нығая түсетініне сенімдімін", – делінген құттықтау хатта.

Испания Королі Фелипе өз құттықтау хатында испан халқы мен үкіметінің атынан Қасым-Жомарт Тоқаевты тәуелсіздік күнімен құттықтап, достас Қазақстан жұртына бейбітшілік және бақ-береке тіледі.

Сингапур Республикасының президенті Халима Якоб Қасым-Жомарт Тоқаевты және Қазақстан халқын тәуелсіздік күнімен құттықтады.

"Сингапур мен Қазақстан арасында жақсы достық қарым-қатынас орнаған. Екі ел арасында тауар айналымы ұлғайып, құқық және қаржы салаларындағы ынтымақтастықтың нығайып келе жатқанына қуаныштымын. Халықтарымыздың игілігі үшін Өзіңізбен бірлесіп жұмыс істеуге және байланыстарымызды одан әрі арттыра түсуге ниеттіміз", – деп жазған Халима Якоб.

Мемлекет басшысы мен Қазақстан халқын тәуелсіздік күнімен құттықтап, бақ-береке тілеген жеделхат Австрия президенті Александр Ван дер Белленнен де келіп түсті.

"Екі ел арасындағы барлық сала бойынша қарқынды дамып келе жатқан ықпалдастықты, оның ішінде, экономикалық ынтымақтастықты табысты дамыта береміз деп сенемін", – делінген жеделхатта.

Австралия Одағының Генерал-Губернаторы Дэвид Херли өз құттықтау хатында мемлекеттер арасындағы екіжақты достық қатынастардың одан әрі дами беретініне сенім білдірген. 

«Жалдамалы әке» іздеген 42 жасар келіншек көпшілікті таңырқатты
Қазақстандық жігіт қуыршаққа үйленбекші
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу