Сөзден сүрінген Тоқаев. Халықаралық дау тууы мүмкін

Oinet.kz 05-12-2019 5397

ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Немцова. Интервью" бағдарламасына берген сұхбатында Қырым мәселесі, Қытайдағы аз ұлттарға көрсетіліп жатқан қысым, Қазақстандағы жалғыз адамдық наразылық акциялары туралы айтқан мәлімдемелері әлеуметтік желіде қызу талқыланып, халықаралық дауға айналудың аз-ақ алдында тұр, деп жазады Oinet.kz порталы Qamshy.kz-ке сілтеме беріп. 

Тоқаев.jpg

Әңгімені соңғы айтқанымыздан бастасақ. Қ.Тоқаевтың Қырым оқиғасына қатысты басып алу, яғни аннекция сөзін қолдану тым ауыр деуі Украина билігіне ұнай қоймады. Мәлімдемеден соң Украина Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі Қазақстанға қатысты демарш жариялауды жоспарлап жатқанын, Тоқаев мәлімдемесіне үлкен алаңдаушылық білдіре отырып, президент сөзі украин-қазақ қарым-қатынасына, халықаралық дәрежеде мойындалған ұстанымға, 2014 жылдың 27 наурызында БҰҰ Бас ассамблеясы қабылдаған №A/RES/68/262 резолюцияға қарама-қайшы келетінін хабарлады. 

Ал ресейлік тарап болса, керісінше Қ.Тоқаевтың бұл айтқандарын жақсылыққа жорып жатыр. Қырым парламентінің вице-спикері Ефим Фикс бұны «Қырымды Ресейдікі деп танудың әлемдік саясаттағы кезекті көрінісі» деп бағалады. Журналистің Қытайда ислам дінін ұстанатын ұйғыр, қазақ сынды этнос өкілдеріне байланысты көрсетіліп жатқан қысым туралы сауалына президенттің «халықаралық құқық қорғау ұйымдарының көптеген хабарлары шындыққа сәйкес келмейді. 

Қытайдағы этникалық қазақтар мәселесін қасақана қоздыру бар» деп түйіткіл төркінін Қытай мен АҚШ арасындағы сауда соғысына жаба салуы да әлеуметтік желіде түрлі талқылауға түрткі болуда. Сондай-ақ президенттің Қазақстанда жалғыз адамдық пикеттерде ешкім ұсталып жатқан жоқ деген жауабы шындыққа жанаспайтыны да көпшілікке мәлім. 

12 қазанда Алматы Арбатында жалғыз адамдық пикет ұйымдастырғаны үшін белсенділер – Асхат Жексебаев, Серік Айтжанов және Ноян Рахымжановтың жауапкершілікке тартылғаны белгілі. Арнайы ауданаралық әкімшілік сотта өткен отырыста судья Серік Айтжановқа 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салып, Ноян Рахымжановты 7 тәулікке әкімшілік қамауға алу, Асхат Жексебаевты 10 тәулікке қамау туралы шешім шығарған болатын.

Қазақстанда Нұрсұлтан есімді қанша қыз бала тұрады?
Түркістан: Халыққа заң жүзінде көмек көрсету жөнінде көшпелі отырыс өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу