Ұстаздарға 2,5 миллион теңге сыйақы берілмек

Oinet.kz 05-12-2019 1673

Халықаралық олимпиада, конкурстар мен спорттық жарыстардың жеңімпазын, жүлдегерін дайындаған мұғалімдерге үш лауазымдық айлық ақы мөлшерінде біржолғы сыйақы төленеді. Мәжіліс депутаттары "Педагог мәртебесі" туралы заң жобасына осындай түзету енгізген деп хабарлайды  Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған Oinet.kz.

ұстаз.jpg

Мәжілістің жалпы отырысында "Педагог мәртебесі туралы" заң жобасы екінші оқылымда қаралған.

Мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Әбдіманап Бектұрғанов депутаттық корпус енгізген басты түзетулерді атап өткен.

"Білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасындағы халықаралық олимпиадалардың, конкурстар мен спорттық жарыстардың жеңімпазын, жүлдегерін дайындаған педагогке үш лауазымдық айлық ақы мөлшерінде біржолғы сыйақының төленуін көздейтін норма енгізіледі", - деді депутат. 

Айта кетейік, "Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы" құрметті атағымен марапатталған педагогке 1000 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (2019 жылы 2,5 миллион теңгеге тең) біржолғы төлем берілмек.

Еске сала кетейік, бұған дейін еліміздің білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 2020 жылы мұғалімдердің жалақысы 25 пайызға артатынын мәлімдеген еді.

Министр бұл туралы парламент мәжілісінің жалпы отырысында "Педагог мәртебесі туралы" заң жобасын таныстыру барысында айтқан еді.

Шымкентте 11 сынып оқушысы онкологиялық ауруға қарсы дәрі ойлап тапты
Әншілер «ұрлықпен», әлде аудармашылықпен айналысып жүр ме?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу