Елімізде күн суытады
Казгидромет 7-9 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі inform.kz сайтына сілтеме жасап.
«Ресейдің Еуропалық бөлігінен Жайыққа атмосфералық ағындар әкелген циклон өтіп барады, соған байланысты республиканың солтүстік жартысында қайтадан қолайыз күрделі метеорологиялық құбылыстар: жауын-шашын, көктайғақ, кей жерлерде бұрқасын соғады, екпінді батыс желі күтіледі», делінген хабарламада.
Ал циклонның артынан келетін арктикалық теңіз акваториясында қалыптасқан кезекті суық антициклон Қазақстанның батыс және солтүстік облыстарында күннің суытуына себепші болады.