Қасым-Жомарт Тоқаевқа халықтың қанша пайызы сенім білдіретіні белгілі болды

Oinet.kz 22-10-2019 914

Картинки по запросу Тоқаев

14 облыс орталығында, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында және ауылдарда жүргізілді Еуразия Интеграция институты ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қызметі жайлы жұртшылықтың пікірін сұрады, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі inform.kz сайтына сілтеме жасап.

Сауалнамаға 18 жастан асқан, ел тұрғындарының орташа әлеуметтік-демографиялық көрсеткіштеріне ие азаматтар қатысқан. 

Қорытындысыға сәйкес, Президентті ел тұрғындары тікелей қолдап отырғаны айқын аңғарылады. Нақтырақ айтқанда, Мемлекет басшысы ретінде Қасым-Жомарт Тоқаевты тұрғындардың 70,3%-ы қолдайды.

Қоғамда ҚР Президентіне сену деңгейі де жоғары - 74,9%. Респонденттердің 70%-дан астамы Президенттің бастамалары халықтың әл-ауқатын жақсартуға, елді дамытуға қауқарлы деп санайды. 

Олардың пікірінше, ҚР Президентінің «Жердің шетелдіктерге сатылмайтыны туралы мәлімдемесі», «Адамдарға, әсіресе балаларға қарсы ауыр қылмыстарға берілетін жазаны күшейту», «Көп балалы және табысы аз отбасыларға жалдамалы баспана беру», «Несие рақымшылығы», «Қазақстанның стратегиялық әріптестермен және халықаралық ұйымдармен белсене ынтымақтастық етуі» секілді шаралары маңызды.

Сауалнамаға қатысушылар Президент пен Үкіметтің жалақы, зейнетақы мөлшерін, жалпы елдің әл-ауқатын көтеретініне, баспананы қолжетімді ететініне, сыбайлас жемқорлықты жойып, медициналық қызмет пен білім беру сапасын арттыратынына үміт білдірді.

2024 жылы Парижде өтетін олимпиаданың логотипі таныстырылды
Емтиханнан өту үшін сегіз сыңарын жалдаған депутат оқудан шығарылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу