«Рейтинг» ең үздік бұқаралық ақпарат құралы

Screenshot_9.jpg

Қай уақытта да еткен еңбектің, төгілген тердің дер кезінде бағаланғанына не жетсін. Ақпарат айдынына қанат қаққанына биыл төрт жыл толатын  «Рейтинг» газеті ұжымының шығармашылық қызметі бұған дейін де ескерусіз қалған жоқ. Газеттің бас редакторы Жандар Көшенов Қазақстан Журналистер одағы Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы тағайындаған Әмірсейт Әлиев атындағы сыйлықтың иегері атанды. Облыс баспасөзінің қара шаңырағы—«Оңтүстік Қазақстан» газетін 22 жыл басқарған Ә.Әлиев атындағы сыйлықтың «Рейтингтің» еншісіне бұйырғанын жақсы ырымға балағанбыз.

Былтыр бас редактордың орынбасары Бақытжан Әбдірашұлы «Алтын қауырсын» номинациясын қанжығаға байлады. Әдетте мемлекеттік басылымдарда істейтін қаламгерлерге бұйыратын «Алтын қауырсынды» жарыққа шыққанына көп бола қоймаған «Рейтингтің» иеленуі де көп жайтты аңғартса керек. Тізбектей түссек төрт жылға таяу уақыт ішінде «Рейтинг» газеті мен осы басылымның тасын өрге домалатып жүрген журналистер талай-талай қомақты жүлделерді қанжығасына байлап келеді.   Енді міне, ең үлкен қуанышымыз сол биылғы журналистер күнінде «Рейтинг»  тағы да топ жарып, облыстағы ең үздік бұқаралық ақпарат құралына берілетін «Максимум» номинациясын жеңіп алды. Тіркелген баспасөздің саны жағынан Алматыдан кейінгі екінші орынды еншілейтін, ақпарат айдыны қашанда буырқанып асып-тасып жатқан оңтүстікте озып шығу, мұндай зор мәртебеге ие болу, жеке адамның емес тұтас ұжымның «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» ынтымақтаса отырып жемісті  еңбек еткенін бағалау ерекше құрмет екенін жақсы түсінеміз. Бұл үлкен жеңіс алдағы уақытта екі есе үлкен жауапкершілік екенін де жақсы түсінеміз. Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін Шымкент қаласындағы Дендарий саябағында дәріптеген жиынға облыс әкімі Асқар Мырзахметов те қатысып, Алғыс хаттар мен грамоталар ұсынды, сый-сыяпат жасады. Ал арнайы номинацияның марапатын «Рейтинг» газетінің бас редакторы Жандар Көшеновке  облыс әкімінің бірінші орынбасары Берік Оспанов тапсырды. 

Биыл «Алтын қауырсын» номинациясы «Оңтүстік Қазақстан» газетінің бөлім меңгерушісі Суханберді Оразалыұлына берілді. «Қазақстан-Шымкент» телеарнасының редакторы Гүлсанат Артықбаева «Жыл есімі» номинациясын иеленді.  Бұдан басқа да марапат алғандардың арасында «Отырар» телекомпаниясының тілшісі Мақпал Ибрагимова, «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі Әбсаттар Тәшімбет, тағы басқа да әріптестеріміз бар. Барлық әріптестерімізді төл мерекесімен және еңбектері бағаланып алған марапаттарымен шынайы көңілден құттықтаймыз. 

Мұрағаттан: 29.06.2012


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • В Туркестане прошел семинар по разъяснению выборного законодательства
  • Украина үшін ұшырылған көгершіндер қарға мен шағаланың шабуылына ұшырады
  • Күйеу бала. Ісі тастай Кеңес Рақышев
  • Димаш Құдайберген Ержан Максимге «Қазақша сөйле» деп ескерту жасады
  • Қытайда 40-қа жуық мемлекет басшылары кездесті
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: