Фьюрер Левитанның басы үшін 250 мың марк тіккен
«Біздің ісіміз әділ. Жау талқандалады. Біз жеңеміз». 1941 жылдың 22 маусымында Германияның Кеңес одағына опасыздықпен шабуыл жасағаны жөніндегі хабарды оқыған радиодиктордың осындай зор даусы бүкіл кеңес халқының бойындағы үрейді сейілтіп, жеңіске деген жігерін оятқан еді. Төрт жыл бойы күн сайын оның майдандағы жаңалықтарын қан құйлы соғыста жүрген жауынгерлер де, Ленинград қоршауындағы халық та, жау тылындағы патизандар да асыға күтті. Әрбір сөзін мәнермен, асықпай айтқан ерекше дауыстың адамға бір құдыреттің құйып тұратынын фашистердің өздері де білетін. Бұл-- Юрий Левитанның даусы еді.
Радиоға Левитан отызыншы жылдары келді. Алғашқыда ол радиодағы тілшілердің көмекшісі қызметін атқарды. Ақыры күндердің күнінен Юраға радиодан мәтін оқу мәртебесі бұйырды. Сол кездегі тәртіп бойынша ол «Правда» газетінде жарияланған мақалалардың мәтінін асықпастан оқыды, ал Одақтың түкпір-түкпіріндегі стенагрофистер оны газетке жариялау үшін жазып алатын.
Тағдырдың сыйы шығар, Левитан микрофон алдына алғаш рет отырған түні Сталин әдеттегідей кабинетінде болатын. Радиодан сөйлеп жатқан диктордың даусы көсемге қатты ұнап қалса керек. Ол дереу КСРО Радиокомитеті төрағасының телефонын теріп «Менің ертеңгі партияның XVII съезінің ашылуында жасайтын баяндамамды дәл қазір радиодан сөйлеп жақан диктор оқитын болсын» деген тапсырма береді.
Ертеңіне түскі мезгілде Сталиннің сөйлеген сөзі студияға әкелінеді. Левитанға оларды эфирден қатесіз асықпай оқу үшін бес сағат уақыт қажет болыпты. Сол күні-ақ бар-жоғы он тоғыз жасар Левитан Кеңес Одағының бас дикторы атанып шыға келеді.
1941 жылдың маусымында соғыстың басталғаны туралы суық хабарды Левитан радиодан алғаш болып хабарлады. Бұдан кейінгі төрт жыл бойы оның даусы бүкіл майданға күн сайын таралып жатты. Маршал Рокосовский «Левитанның даусы бір дивизияның күшімен парапар» деген. Ал, Гитлер оны рейхтің №1 жауы деп жариялаған (ал, Сталинді екінші жауым деп есептеген) . Фьюрер Кеңес одағын басып алған кезде Левитанды бірінші кезекте дарға асуды бұйырған. Тіпті оның басы үшін 250 мың марк тіккен. Фашистер Мәскеуге жақындаған кезде СС-тің арнайы тобына Левитанды тұтқындау туралы ерекше тапсырма да жүктелген. Осыған байланысты Кеңес әскерилері бас диктордың өмірін қорғауға арнайы күзетшілер бөлген. Ең ақыры Левитанның бет пішінінің қандай екендігі туралы мәліметті еш жерде жарияламау туралы бұйырық та болған.
...1945 жылдың 9 мамырында Германияның сөзсіз тізе бүкенні туралы хабарды Левитан кешкі сағат 9-дан 55 минут өткен кезде оқыды. «Сөйлеп тұрған Москва. Фашистік Гармания талқандалды...» деп басталатын мәтінді оқу 35 минутқа созылды. Мәтін аяқталған соң Мәсукеуде Жеңіс салюты берілді.
Соғыстан кейін Юрий Левтитан Кеңес одағындағы атақты адамдардың біріне айналды.
Бірде одан әріптестерінің бірі:
--Юра танымалдық саған кедергі келтіріп жүрген жоқ па?—деп әзілдеп сұраған екен. Сонда Юра:
--Кедергі келтіреді. Бұрын мені ешкім танымайтын кезде көшеде еркін қыдыратынмын. Ал, қазір айналама адамдардың үймелеп алғаны соншалықты түкіруге жер таппаймын,--деген екен.
Левитанның жеке өмірі оншалықты сәтті бола қоймады. Ол 1938 жылы Шет тілдері институтының студентіне үйленген болатын. Бірақ екеуі 11 жыл бірге тұрған соң айырылысып кетті. Бірақ қашанда жаны жұмсақ Левитан бұрынғы әйелімен байланысын үзген жоқ. Өмірінің соңына дейін оның жаңа отбасымен араласып, тіпті әр Жаңа жылды бірге қарсы алды.
Юриий әйелімен ажырасқан соң қайтып үйленген жоқ. Отбасында ол қызы Наташа мен және енесі үшеуі қарапайым тіршілік кешіп жатты.
1983 жылдың тамызында Юрий Борисович Орел және Белград қалаларының жау қолынан азат етілуінің 40 жылдыған арналған салтанатты жиынға арнайы қонақ ретінде шақырылды. Осы сапарға Левитанды достары жібергісі келмеген. Өйткені атақты диктордың бұл кезде жүрегі сыр беріп жүрген болатын. «Арнайы шақырған соң бармай қалғаным ыңғайсыз болар. Мені күтіп оты ғой» депті ол.
Әйгілі Курск шайқасы болған Прохоровка даласында жүрген Левитанның денсаулығы 40 градустық ыстықта күрт нашарлап кетті. Ол жақын жердегі деревнядағы ауруханаға жеткізілгенімен дәрігерлер ештеңе істей алмады. Ұлы диктордың жүрегі осы жерде тоқтады.
Дереккөз: "Рейтинг" газеті