Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті кәмелетке толмағандарға қатысты құқық бұзушылық, зорлық-зомбылық, сондай-ақ педагогтардың әдепке жатпайтын мінез-құлық фактілері туралы хабарламаларды анықтау мақсатында Telegram мессенджерінде "Bala QORGAÝ" (Бала Қорғау) чат-каналын құрды.
Енді ата-ана, оқушы мұғалімдердің немесе басқа да азаматтардың балалардың құқығын бұзғанына куә болса, чатқа облыс, аудан, ауыл, білім беру ұйымының атауы көрсете отырып, аталған чатқа ақпаратты жіберуіне болады.
Аталған сілтемелер Балалардың құқықтарын қорғау комитеті тарапынан шұғыл шаралар қабылдау үшін құзыретті органдарға жіберілетін болады. Чат-каналға қосылу үшін Telegram қосымшасының браузерінде «bala_qorgau» деген жолды жазу қажет.