Бүгін Шымкент қалалық Қоғамдық кеңесінің отырысы жаңа құрамда өтті. Отырыста кеңестің төрағасы, хатшысы және төралқа мүшелері сайланды.
Қалалық Қоғамдық кеңестің төрағалығына бірауыздан Нұрғазы Бұхарбаев сайланды. Нұрғазы Бақтыбайұлы Шымкент қалалық мәслихатының депутаты, «Шымкент мемлекеттік зоосаябағы» мекемесінің директоры қызметін атқарады. Ал Кеңестің хатшысы қызметін қалалық ішкі саясат және дін істері басқармасы басшысының орынбасары Жанар Бектаева атқаратын болады.
Заңға сәйкес Қоғамдық кеңес мүшелері үш жылға сайланады.