«Бір реттік пластмасса стақанмен Наурыз көже ішіп, өз-өзімізді алдап жүрміз» - ғалым

Screenshot_3.jpg

Халықаралық Түркі академиясының ғылыми қызметкері, ғалым, фольклортанушы Ақеділ Тойшанұлы Ұлыстың ұлы күні неге 22 наурызға дәл келетінін, "Амал" мерекесі неліктен батыста ғана сақталғанын түсіндіре келе, бүгінгі күні ұлық мейрам тиісті деңгейде тойланбай жүргенін ашық айтты, деп хабарлады Sputnik Қазақстан.

Ақеділ Тойшанұлы ұлық мейрамды тойлаудың арнайы бағдарламасын дайындау қажет деген ұстанымда.

"Бір ғана көрісу күнін" сарт еткізіп, бір қаулы шығарумен мәлесе шешіліп кетеді деп айта алмаймын. Менің ойымша, елімізде Наурызды тойлаудың арнайы шарттары әлі қалыптасқан жоқ. Бүгінде біз Наурызды шоу сияқты көз алдау үшін тойлап жүрген тәріздіміз. Ашығын айтайын, Ұлыстың ұлы күнінде жыл сайын қайталанатын, ығыр болған концерттік бағдарламалар қойылады, киіз үйлер тігіледі. Бір рет пайдаланатын стақанмен наурыз көже ішеміз. Ұлық мейрамды осылай тойлап жүрміз. Мұны өзгерту үшін арнайы бағдарлама қабылдау керек", - дейді ол.




Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Президент «Жусан» операциясы бойынша мәлімдеме жасады
  • Назарбаев Қызыл алаңдағы әскери парадқа қатысты
  • Бүгін Сенат төрағасы 56 жасқа толды
  • Түркістанның сауда орындары қала сыртына көшіріледі
  • Шөкеевтің өкілеттілігі мерзімінен бұрын тоқтатылды
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: