Оғыз Доған Жазира мен Жанболатты қатаң сынға алды


Оғыз Доған Facebook парақшасында елімізге танымал жұлдызды жұп Жазира мен Жанболаттың "Сенен басқа" атты әнінің түріктің танымал туындысы екенін мәлім етті деп жазады NUR.KZ.

"Кеше теледирардан Жанболат пен Жазираның концертін көріп отырмыз. Мен негізі бұл отбасын өте жақсы көремін, өлеңдерін сүйіп тыңдаймын. Төртінші немесе бесінші орында "Сенен басқа" өлеңімен шықты. Бұл кісілерден алғаш естуім болса да, өлеңді бастала салысымен таныдым. Түркияда бала кезімізден тыңдаған өлең ғой. Аты - "Сенден башка".

"Қуандым. Өйткені, бір - біріміздің өлеңдерімізді айтып жүруіміз - тек қана тектеріміз емес, талғамдарымыз да бір деген сөз. Бірақ, экрандағы жазуды көргенде қатты таң қалдым. "Әні: Б.Шалабаев, сөзі: Ә.Бекарысұлы" дейді ғой. Қайдағы Шалабаев? Өлеңнің әні - Манос Хадзидакистікі", - деп жазды Оғыз Доған Facebook парақшасында.

Белсенді азаматтың айтуынша, бұл әннің композиторы грек азаматы екен. Алайда ән 1970 жылдары Эмел Сайын мен Фүсун Өналдің орындауында халыққа танылған.

"Интернет мүмкіншілігі кең тараған осындай жаһандану кезеңінде авторлық ұрылық оңай деп ойлайсыздар ма, Жазира ханым? Жанболат мырза? Б.Шалабаев мырза?", - деп жазбасын аяқтады Оғыз Доған.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстанда орташа жалақы көлемі 172 мың теңгеден асты
  • Рустам Медеу: «Уран – халқымыздың ортақ қазынасы»
  • Астанада бөлім басшысы 414 млн теңге бюджет қаражатын заңсыз аударған
  • Темір жол станциясы бастығы 18 мың доллар пара алды деген күдікпен ұсталды
  • БҚО-да «Нұрлы жер» бойынша 1100 пәтер пайдалануға беріледі
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: