Шымкент қаласына инвестиция тартылуда

Oinet.kz 18-05-2023 200

Инвестициялардың экономиканы тұрақты дамытуда маңызы айрықша. Мемлекеттік қолдаулар нәтижесінде Шымкент қаласында, яғни мегаполисте инвестклимат жақсарып келеді. Жалпы шаһарда бірыңғай индустрияландыру картасындағы өнеркәсіптік-инновациялық жобалардың жүзеге асырылуы бойынша құрылған жоспарлар талапқа сай жүзеге асырылуда. Бұл жобалар Шымкент қаласының даму жоспарының негізгі бағыттарына айналып отыр.

Screenshot_30.jpg

Мұндағы мақсат – әрбір шағынаудандағы елді мекен бөлінісінде жұмыспен қамтуды көздейтін бюджеттік және бюджеттен тыс бірыңғай индустриаландыру картасындағы өнеркәсіптік-инновациялық, инвестициялық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыра отырып, қала  халықының табысын арттыру, тұрмыс жағдайын жақсарту. Жоба негізінен халықтың әлеуметтік игіліктер мен мемлекеттік қызметтерге қолжетімділігін қамтамасыз ету және жалпы жайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру бойынша бірқатар міндеттерді шешуді көздейді.

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтың айтуынша, бұл бағыттағы кешенді шаралар өз жемісін беруде екен. 

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында кәсіпкерлік саланы барынша дамытуға басымдық беріп отыр. Яғни, шетелдік және отандық инвесторлардың көмегімен бизнес саласын көтеру бүгінгі күні алдымызда тұрған үлкен міндеттің бірі. Шынын айту керек, қазір инвестициялардың экономиканы тұрақты дамытуда маңызы орынға ие екені белгілі. Мемлекеттік қолдаулар нәтижесінде мегаполисте инвестклимат жақсарып, калыптасып келеді. Атап айтсақ, үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанда қалаға  84,8 миллиард теңге инвестиция тартылды. Былтырғы жылдың тиісті кезеңмен салыстырғанда ол 109,6 пайызды құрап отыр. Жалпы, жыл соңына дейін 721,7 миллиард теңге инвестиция тарту жоспарлануда, - дейді қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы.

Қала билігінің айтуынша, шаһар көрсеткіш осылайша алдыңғы жылмен салыстырғанда 32 пайызға артады деген болжам бар. Бұл межеге қол жеткізу үшін түрлі бағытта жұмыстар жүргізілуде. 

«Биыл «Бозарық» тамақ өнеркәсібінің индустриялық аймағының инфрақұрылым құрылысы аяқталады. Бүгінде аймақтың 1,8 мыңнан астам адамды жұмыспен  қамтуға шамасы жететін 21 жоба әзірленді. Сондай-ақ, қалада жеке «Standard» индустриялық аймағы құрылуда. Қазір «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағын 175 гектар алқапқа дейін, ал сауда-логистикалық орталығын 136 гектар аумаққа дейін кеңейту жұмыстары жүргізілуде», - дейді Мұрат Дүйсенбекұлы. 

Шымкент қаласында көгілдір отынмен қамту жұмыстары жалғасуда
Шымкент қаласында шағын аудан көшелеріне асфальт жабыны төселуде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу