Ассамблея мүшелеріне салтанатты жағдайда куәліктер тапсырылды
Бүгін 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелеріне куәліктерін тапсыруға арналған салтанатты рәсім өтті. Оған Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысы Мұратжан Шотанов қатысты.
- Биыл Шымкент қаласынан 24 азамат Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелігіне қабылданды. Жақында Астана қаласында өткен ХХХІІ сессияда аталған азаматтардың куәліктері берілген болатын. Мемлекет басшысы, Ассамблея төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолы қойылған куәліктерді Сіздерге салтанатты жағдайда тапсыру үшін бас қосып отырмыз. Алдағы уақытта Сіздермен бірге ел бірлігін нығайту жолында жемісті еңбек етеміз деп сенемін, - деген М.Шотанов жиынға қатысушыларды бүгінгі мерекемен құттықтады.
Басқарма басшысының қолынан куәлік алған азаматтардың қатарында қаладағы этномәдени бірлестіктердің жетекшілері, еңбек ардагерлері мен қалалық мәслихаттың депутаттары бар.
«Шымкент келбеті»