Жобалар қолдау тауып жатыр

Oinet.kz 24-07-2021 824

15dbdaf0b9007fb27d8d929effea20e2.jpg

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің жетекшілігімен өткен инвестициялық штабтың кезекті отырысында Шымкент сити шағынауданында салынатын 2 заманауи жекеменшік мектептердің жобалары  қолдау тауып, құрылыс жұмыстары жақын күндері басталатын болды. «Шымкент ситиде» бой көтеретін екі оқу ордасының жалпы сыйымдылығы 2200 оқушыға арналған.Штаб барысында бизнес санатындағы 8 көпқабатты тұрғын үйлердің жобалары таныстырылып, мақұлданды. Құрылыс жұмыстарын отандық және шетелдік құрылыс компаниялары жүргізетін болады.  Жиында сондай-ақ Таскен шағынауданында салынатын 300 оқушыға арналған жекеменшік мектеп пен 500 орынға арналған жатақхана жобаларының таныстырылымы да өтті. Ұсынылған нысандар қолдау тауып, олардың құрылыстары да жақын күндері басталады. Қала басшысы М.Әйтенов Шымкенттің өркендеуіне инвесторлар қызығушылық танытып отырғанын мәлімдеді. Бұл әсіресе құрылыс саласының қарқын алуына негіз болып отыр деді. Сала жетекшілеріне құрылыс компанияларына жер бөлуде ауқымды жер учаскелерін бірден бөліп беруге жол бермей, олардың құрылыс жүргізу қарқынын есепке алып бөлуді тапсырды. Бөлінген жер учаскелері белгілі мерзім ішінде игерілмей бос жатса, оны қайтарып алу жөнінде механизмдер қалыптастыруды жүктеді.

Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша штабтың алдыңға отырыстарында берілген хаттамалық тапсырмалардың ішінде 5 мәселе мерзімінде орындалмай қалғандығы айтылды. Қала әкімі мемлекеттік құрылымдар жетекшілеріне берілген тапсырмалардың барлығы мерзімінде әрі сапалы орындалуы керектігіне назар аударып, экономикаға инвестиция тарту мәселесі жайбарақаттылықты көтермейтінін мәлімдеді. Алдағы аптада инвестиция бойынша жұмыс жиыны өтетінін хабарлап, саладағы өзекті мәселелерді тағы бір мәрте пысықтау керектігін ескертті.     Штаб отырысын қорытындылаған қала басшысы Мұрат .Әйтенов Шымкенттің заманауи мегаполис ретінде қалыптасуы инвестиция арқылы жүзеге асатынын жеткізді. Инвесторлар тарту арқылы қала экономикасы серпін алады. Инвестиция тартуға жауапты құрылымдар құрылыс нарығымен шектеліп қалмай, өндірістік жобаларды іздестіруде белсенділік танытуы керек екендігін еске салды. Өндіріс орындарын ашу арқылы тұрақты жұмыс орындары ашылып, экономика үлесінде жергілікті тауарлардың үлесі артатынын, қала тұрғындарының тұрмыстық ахуалы жақсаратынын мәлімдеді. Барлық сала жетекшілерін осы бағытта нәтижелі жұмыстар 


Өндірістік инвестицияға басымдық берілуде
Түлкібаста алғашқы өнім жиналуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу