Түркістанда желтоқсан қаһармандары бас қосты
Бүгін Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесінің қарсаңында 1986 жылы өткен желтоқсан оқиғасына қатысушылармен кездесу өтті.
Аталмыш шараға желтоқсан оқиғасына қатысып, зардап шегіп, қудаланған және заң аясында ақталған Түркістан облысының бірқатар азаматтары мен облыстық қоғамдық даму басқармасының мамандары қатысты.
Қатысушылар алдымен Қожа Ахмет Ясауи кекенесіне барып, бабалар рухына тағзым етіп, құран бағыштады. Арнайы жиын барысында сөз алған желтоқсан қаһармандары С.Ахметов, М.Битаева, Т.Джамбуршиевтер бұл жиынның ұрпақ тәрбиесі алдындағы маңыздылығына тоқталып, алдағы уақытта мұндай оқиғалардан сабақ ала отырып, «Жаңа Қазақстан» тұжырымдамасын бірлесе атқаруға шақырды.
Ұйымдастыру алқасының атынан өлшеусіз ерліктері мен қоғамның дамуы жолындағы істеріне алғыс айтылып, облыс әкімдігінің алғыс хаттары мен сый-сияпаттары табысталды.