Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімінің «№22 жалпы білім беретін мектеп» КММ

Oinet.kz 27-09-2024 726

Маңғыстау облысының білім басқармасының Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімінің «№22 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде аудиторлық іс-шара жүргізілді.

Тексеру нәтижесінде «онлайн урок» мемлекеттік сатып алу бойынша қызмет көрсету белгілерін қолданғандығы және әлеуетті өнім берушілерді мемлекеттік сатып алуға қатысуға шектеу жасалғандығы жөнінде Қазақстан Республикасының заңдылығына сәйкес аудиторлық іс-шара (тексеру) жүргізіліп, нәтижесінде жалпы сомасы 517,9 мың теңгеге қорытындыға әсер ететін бұзушылықтар анықталды.

Ішкі мемлекеттік аудит барысында мынадай шаралар қабылданбады:

 1. Анықталған бұзушылықтарды және оған ықпал еткен себептер мен жағдайларды толық жоюға және белгіленген тәртіппен тиісті лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін қарау туралы шаралар қабылдауды.

 2. Бұзушылықтарға жол беруге ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою мақсатында мынадай ұсыным беріледі:

 - мемлекеттік аудит объектісімен алдағы уақытта осы тектес анықталған бұзушылықтарды болдырмауды жоюды және қатаң бақылауға алуды;

 - мемлекеттік аудит объектісінде анықталған бұзушылықтар жауапты тұлғалардың тәртіптік жауапкершігін қарауды және шаралар қабылдауды;

 - мемлекеттік аудит объектісінде жүргізілген аудиторлық іс-шара бойынша жалпы сомасы 517,9 мың теңгеге анықталған қорытындысына ықпал заң бұзушылықтардың негізінде санды мемлекеттік сатып алу туралы шартты сотқа жарамсыз деп тану туралы шаралар қабылдансын;

 - жоғарыдағы анықталғандарды қорытындылай келе, аудит объектісіне алдағы уақытта заңнама талаптарына түсіндірме жұмыстарын жүргізуге.Келтірілген бұзушылықтарды орындауға және бұзушылықтарға жол берген тұлғалардың жауапкершілігін қарауға «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңының 25-бабы 2-тармағына сәйкес нұсқама жіберілді.

ҚР Қаржы Министрлігі «Ішкі Мемлекеттік Аудит Комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Ішкі Мемлекеттік аудит Департаменті»

Мемлекеттік қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік қалыптасып келеді
Мұнайлы ауданы бойынша білім бөлімінің «№16 жалпы білім беретін мектеп» КММ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу