Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалуда

Oinet.kz 10-02-2025 29

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының негізгі міндеттері мемлекеттік  қызметшілердің мәртебесін, негізгі құқықтары мен міндеттерін, құқықтық және әлеуметтік кепілдіктерін реттеу және заңнаманың сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру болып табылады.

Screenshot_1.jpg

Мемлекеттік қызметшілердің еңбегінің қорғалуына, денсаулығының сақталуына, қауіпсіз және тиімді жұмыс істеу үшін қажетті еңбек жағдайларына, сондай-ақ әлеуметтік және құқықтық қорғалуға құқығы бар.

Осыған сәйкес, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті қызметінің негізгі бағыттарының бірі азаматтар мен мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау және оларды қалпына келтіру бойынша жұмыстар атқарылуда.

Департамент тарапынан облыстағы мемлекеттік органдарға мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау бағыты бойынша бірқатар талдау жұмыстар жүргізіліп, талдау қорытындыларының нәтижесінде бірқатар шаралар қабылданды.

Нәтижесінде, өңіріміздегі мемлекеттік қызметшілердің іссапарға шығуы кезінде құқықтарының сақталуын зерделеу нәтижесімен

3,5 миллион теңгеге жуық іссапар шығындары төленіп,

24 мемлекеттік қызметшінің құқықтары қорғалды.

Сондай-ақ, іссапар шығыстарын кешіктіріп төлеу фактілері бойынша 125 мемлекеттік қызметшіге өсімпұл өндіріліп берілді. 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бастамасымен жүзеге асырылып жатқан мұндай бұзушылықтарды болдырмау, олардың алдын алу, азаматтар мен мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған профилактикалық жұмыстар алдағы уақытта да кеңінен жүргізілетін болады.

Абылайхан Дағыстанұлы Наурызбаев,

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері 

агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы,

Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы 

Түркістан облысында көктемгі су тасқынының алдын алу жұмыстары қарқынды жүргізілуде
Түркістан: Жұмысшы мамандықтар жылында колледж студенттері зауытта іс-тәжірибен өтіп жатыр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу