Ордабасы: Мердігерлерге жұмысты ширату тапсырылды

Oinet.kz 04-09-2024 477

69.jpg 

Түркістан облысы Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаевтың төрағалығымен кезекті аппарат мәжілісі өтті. Бұл туралы Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жиын күн тәртібінде аудан көлеміндегі көрнекі ақпарат құралдарының жай-күйі, «Агроөнеркәсіп кешені» саласын дамыту бойынша берілген жоспарлардың орындалуы, ауыл округтеріндегі аббаттандыру, көгалдандыру, әлеуметтік нысандар, жолдар мен жол бойындағы ғимараттардың қаскелбеттері туралы мәселелер қаралды.

Аталған мәселе бойынша аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ә.Ысхах, ауылшаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Б.Алтынбеков, аудан әкімі аппаратының басшысы Ж.Кадиев баяндама жасады.Тозығы жеткен көрнекі ақпарат құралдарын ауыстыру, ауылшаруашылығы саласындағы мерзімді көрсеткіштердің толық орындалуы және елді мекендердегі орын алып отырған кемшіліктерді жою бойынша тиісті тапсырмалар берілді.

Аудан басшысы алдағы уақытта хаттамалық тапсырмалардың орындалуы бойынша кемшіліктердің болмауын атап өтіп, олардың мерзімінде орындалуын қатаң бақылауға алуды тапсырды.

Жиын соңында ауданның қоғамдық-саяси ахуалының тұрақтылығына кері әсерін тигізу ықтималдығы бар мәселелерге талдау жасалып, аппараттық мәжілісте баяндап отыру ұсынылды.

Сондай-ақ, аудан басшысы Азат Оралбаев Қажымұқан ауыл округіндегі бірқатар құрылыс нысандарын аралап, ондағы жұмыс барысымен танысты. Жауапты сала басшыларына жобаға мұқият болуды міндеттеді.

Аудан басшысы алдымен Көктөбе ауылына барып, онда жүргізіліп жатқан табиғи газ жұмыстарын бақылады.

Қазіргі таңда, аталған елді мекеннің 13 шақырымына d 63 мм газ құбыры тартылған. Құрылыс жұмыстары аяқталғанда 1 932 тұрғын (295 үй) көгілдір отынмен толығымен қамтылады деп жоспарлануда.

Аудан басшысы Темірлан ауылында жүргізіліп жатқан кәріз жүйесіне жауапты мердігерлермен кездесіп, арнайы белгіленген кәріз тазарту құрылғысын орнату алаңында болды. Сала мамандарына жан-жақты зерделеуді қажет ететінін айтып, жұмыс қарқынын күшейтуді тапсырды.

Бұдан бөлек Темірлан ауылындағы орталық Қажымұқан көшесінде аяқ жол құрылыс жұмыстарымен танысып, жауапты мердігерлерге жұмысты ширату бойынша тапсырма берді.

 

 

 


Жолдау жаңа міндеттер жүктеді
АЭС - болашақ энергиясы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу