Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен келісімдер жасалды
Халықты жергілікті азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында 100-ге жуық ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілермен келісім шарттар жасалды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімнің баспасөз қызметі хабарлады.
Түркістан облысында 2025 жылға Түркістан облысы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен ерте пісетін көкөністер сатып алу форвардтық келісімшарттар жасасу бойынша кездесу өткізді. Кездесуге Ауыл шаруашылығы министрлігі ауылшаруашылық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу департаменті директорының орынбасары Шаймерден Ахметов және осы департаменттің ішкі сауда басқармасының басшысы Темірлан Маратов қатысты.
Сонымен қатар республикамыздың барлық өңірлердің ауыл шаруашылығы, кәсіркерлік басқармалары мен әлеуметтік кәсіпкерлік корпорация өкілдерімен Түркістан облысында ерте пісетін көкөністерді егетін өңір шаруалары бас қосты.
Халықты жергілікті азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында 2025 жылға Түркістан облысы АШТӨ-мен ерте пісетін көкөністерді сатып алу бойынша форвардтық келісімшарттар жасасу мақсатында облыстың 100 ге жуық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері қатысып картоп-1800 тг, пияз - 390 тг, сәбіз - 340 тг, қырыққабат - 910 тг өнімге ниет шарты жасалды.