«Өнерлі өлке»: Бәйдібек ауданының мәдениет күндері басталды

Oinet.kz 01-09-2024 57

45.jpg 

Түркістан қаласында «Өнерлі өлке» облыстық фестивалі аясында Бәйдібек ауданының мәдениет күндері басталды. Рухани астана аспанында әуелеткен әнімен, күмбірлеген күйі, мың бұралған биімен, ұлттық дәстүрдің сан түрінен өнер көрігін қыздырды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Этноауыл аумағында «Ұлттық қолөнер – ұлы мұра» атты аудан қолөнершілерінің көрмесі мен суретшілердің, «Тарихым бар жазылған ғасырлардан» атты кітап көрмесі жасақталды.

Мерекелік жәрмеңкелер мен көше театры көріністері көпшілік назарына ұсынылды. Киіз үйлерде ұлттық салт-дәстүр мен әдет-ғұрып көріністері сахналанды. Әрі қарай «Саз отау» ұлт аспаптар оркестрі және аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.

Айта кетейік, екі күнге жоспарланған мәдени іс-шара 31 тамыз күні де жалғасады. Сағат 11:00-16:00 аралығында Этноауылда ұлттық ойындардан (қазақша күрес, қол күрес,асық ойындары, гір тасын көтеру, тоғызқұмалақ, ләңгі тебу, арқан тартыс сынды т.б.) сайыстар өтеді. Ал кешкі сағат 19:00-де «Керуен сарай» кешенінде Бәйдібек ауданының өнерпаздарының қатысуымен гала-концерт өтеді.


Түркістаннан елордаға керуен аттанды
Келес: Қошқаратада жаңа білім нысаны пайдалануға берілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу