Сайрам: Мерекеде сала қызыметкерлері марапатталды

Oinet.kz 31-08-2024 53

43.jpg 

Сайрам ауданында «30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне» орай салтанатты іс-шара өтті. Жиынға аудан әкімі Арман Сәбитов қатысып, аймақ тұрғындарын айтулы күнмен құттықтады.

 Шарада ауданның өсіп-өркендеуіне елеулі үлес қосып жүрген әртүрлі сала қызметкерлері марапатталды. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

«Сіздерді еліміздің мәні бөлек мерекелерінің бірі – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын! Қазіргі таңда еліміздің қарышты және серпінді дамуына сайрамдықтар да өз үлестерін қосуда. Ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық өсу көрсеткіші күн сайын артып, тұрғындардың қолайлы өмір сүруі үшін қажетті мүмкіндіктер қарастырылып келеді. Бұл бағыттағы жұмыстардың барлығы да Ата Заңымызда айқындалған заңнамаларға сәйкес жүргізіліп жатқаны белгілі. Ата заңымыз айбынды, егемендігіміз еңселі, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай! Отанымыздың дамуы жолындағы еңбектеріңіз жемісті болсын!», - деді Арман Сәбитұлы.

Салтанатты жиын соңы аудандық мәдениет үйі өнерпаздарының патриоттық сипаттағы сахналық қойылымдары және мерекелік бағдарламаларымен жалғасты.


Түркістан: Мереке қарсаңында сенбілік өтті
Түркістаннан елордаға керуен аттанды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу