Сарыағаш: Мектептердің жылыту қазандықтары газға ауыстырылады

Oinet.kz 11-08-2024 71

49.jpg 

Түркістан облысы Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Құркелес ауылдық округіне қарасты Жаңаталап елді мекеніндегі №77 және Ақ үй елді мекеніндегі №69 орта мектептері ғимараттарының жылу қазандықтарын газға ауыстыру жұмыстарымен танысып қайтты.

Аудан аумағында білім мекемелері орналасқан елді мекендерде, қатты отын арқылы жылытылатын мектептердің жылу қазандықтарын газға ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Қазіргі таңда мектеп ғимараттарына табиғи газға арналған жылыту қазандықтары орнатылып, құбырлар жүргізілуде. Жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстары 70 пайызға орындалған.

Аудан басшысы мектеп ғимараттарындағы жөндеу жұмыстарын жылыту маусымы басталғанға дейін пайдалануға беруді тапсырды.

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін аудан басшысы Арман Абдуллаев жұмыс жоспарына сәйкес Қабланбек ауылдық округі Тасқұлақ елді мекенінде орналасқан №52 М.Өтемісұлы атындағы жалпы орта мектебі ғимаратының ағымдағы жөндеу жұмыстарының жай-күйімен танысты.

Ағымдағы жөндеу жұмыстары барысында мердігер мекеме ЖК «Қазыбеков» тарапынан мектеп ғимаратының сыртқы қас бетін қаптау жұмыстары жүргізілген.

Келесі кезекте аудан басшысы Қанағат елді мекенінде орналасқан «Кәусар» бала бақшасы ғимаратының ағымдағы жөндеу жұмыстарын саралады. Бүгінгі таңда, бала бақшаның ішкі әжетханалары орнатылып, құбырлар жүргізілуде және ішкі есіктер ауыстырылуда. Жалпы мердігер мекеме ЖК «Перизат» тарапынан ағымдау жөндеу жұмыстары 80% орындалған.

Құрылыс жұмыстарының басында болған аудан басшысы бүгінгі күнге дейін атқарылған құрылыс жұмыстарының жағдайын саралай отырып, жауапты мердігер мекеме басшысына алдағы уақытта да құрылыс жұмыстарының барысын тұрақты түрде өзі келіп қадағалап тұратынын атап өтті.

Сондай-ақ,  аудан басшысы Арман Абдуллаев жұмыс жоспарына сәйкес Қабланбек ауылдық округі арқылы өтетін облыстық маңызы бар КХ-50 «Дербісек-Сарыағаш» автомобиль жолының 15+050 шақырымында жүргізіліп жатқан көпірдің күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты.

Ұзындығы 48 метрді құрайтын облыстық маңызы бар көпір ауданға қарасты бірнеше елді мекендерді байланыстырады. Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысымен жүргізіліп жатқан құрылыс нысаны ағымдағы жылдың шілде айында басталып, 2025 жылы пайдалануға беру жоспарлануда.

Аудан басшысы бірнеше елді мекендерді байланыстыратын маңызды көпір болғандықтан, құрылыс компаниясының өкілдеріне пайдаланылған құрылыс материалдарының сапасына айрықша мән беруді тапсырды.

 Арман Абдуллаев Жібек жолы ауылдық округіне арнайы іс- сапарымен барып, Қарабау елді мекеніндегі фельдшерлік-акушерлік пунктінің құрылыс жұмыстарының барысымен танысты.

- Бүгінде аудан аумағында көптеген құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде ауыл тұрғындарының денсаулығын жақсарту мақсатында фельдшерлік-акушерлік пунктің құрылысы басты назарда. Нысан құрылысы аяқталған соң тұрғындар орталыққа бармай-ақ, алғашқы медициналық көмекті осы медициналық мекемеден алатын болады. Сондықтан жауапты бөлім басшысына және мердігер мекеме өкіліне жұмыстарды сапалы жүргізуді тапсырамын ,- деді аудан әкімі.

Бүгінгі таңда, мердігер мекеме «EMAAR» ЖШС тарапынан бетон құю жұмыстары толығымен аяқталып, кірпіш қалау жұмыстары жүргізілуде, яғни құрылыс-монтаж жұмыстары 25 пайызға орындалған. Жөндеу жұмыстарын ағымдағы жылдың қараша айында аяқтау жоспарлануда.


Сарыағаш: «Таза Қазақстан» қызу жалғасуда
Түркістан: Биыл салықтық түсімдер артығымен орындалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу