Тұрғындармен бірге «Жасыл елдіктер» де тазалық акциясында белсенділік танытты
Таңертеңнен басталған «Таза Қазақстан» акциясы Еңбекші ауданындағы «Шымкент» каналында жалғасын тапты. Жалпы қаладағы каналдардың арасында «Шымкент» каналы ең көп тұрғындар шоғырланған канал.
Аталған акцияға тұрғындармен қатар «Жасыл ел» еңбек жасақтары да қатысты. Жергілікті тұрғындардың ауызбіршілігі мен тазалыққа жанының құмарлығынан бұл ауданда мұндай тазалық жұмыстары жиі ұйымдастырылып тұрады екен.
Бүгін де тұрғындар өз аулаларында тазалық жұмыстарына бір кісідей жұмыла кірісті. Ауладағы шөптер шабылып, канал бойы тазартылды.
Орындықтар сырланып, балалардың ойын алаңшалары тазаланды. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы З.Жайшыбеков бүгінгі тазалық жұмыстарына қатысқан барлық азаматтарға алғыстарын білдіріп, ауланың таза болуы өзімізге байланысты. Біз әрқайсымыз тазалық мәдениетін алдымен өзімізден бастауымыз керек, сонда біздің жастарымыз да тазалықты сақтайтын болады дейді.