Нұрлан Абдулиннің тоқалымын деген келіншек әншінің ұлын тастап кеткенін мәлімдеді
Ақмарал Баққараева есімі келіншек өзін танымал әнші Нұрлан Абдулиннің тоқалы екенін және ортақ ұл тәрибелеп отырғанын Ulysmedia.kz подкасында айтып берді, деп хабарлайды Оinet.kz.

Келіншектің сөзінше, ол әншімен 2018 жылы танысып, 2012 жылға дейін Астана қаласында бірге тұрған. "2018 жылы ұлымыз туылды. Мұқан Аят Нұрланұлы. Ұлымыз туылған соң ол балаға есімді өз беріп, ресми түрде әкесі екенін мойындап, тегін берді,- дейді ол. Алайда қазір өнер иесі ұлының тәрбиесіне араласпайтын көрінеді. "Ұлым Нұрлан Абдулиннің копиясы. Өте талантты, өнерлі. Бірнеше тілде ән шырқайды. Түрлі жарыстарға қатысып, жүлделі орындар алып жүр",- деген Ақмарал сегіз жастағы Аят есімді ұлын қазір жалғыз өзі тәрбиелеп отыр. Әкесі алимент төлемейтінін, ешқандай көмек көрсетілмейтінін айтады. Айтуынша әнші ақшасын жас қыздарға шашып жүр. Соған қарамастан, ол өзін «тоқал» ретінде қабылдамайтынын атап өтті.
Ақмаралдың айтуынша ол Нұрланның үшінші "әйелі". "Оның бірінші заңды әйелінен екі баласы бар екенін, ал екінші некесінен перзенті жоқ екенін білемін",- деді ол.
Қазіргі уақытта Ақмарал баласының құқығын қорғау үшін сотқа жүгінген. Оның айтуынша, әншінің Aстана мен Aлматы қалаларында қымбат жылжымайтын мүліктері және табысты бизнесі бар. Бірақ соған қарамастан, баласына қаржылай қолдау көрсетпеу үшін табысын жасырып келгенін алға тартады.
Сондай-ақ, ол Абдуллинмен таныстығы Нұрлан Нығматулиннің қызының тойында басталғанын айтты. Әншімен танысқанда Ақмаралдың жасы 27-де ал Абдуллин 47-де болған. Айтуынша, бастапқыда әнші оның соңынан жүріп, қарым-қатынас орнатқан, алайда бала дүниеге келгеннен кейін оның назары басқа адамдарға ауған.
Өзін кезінде "Сарыарқа" ансамблінің директоры болғанын айтқан келіншек Нұрланнан ешқашан ақша, мүлік, байлық сұрмағанын, өз күнін өзі көргенін айтады. "Нұрлан мені оқытып алды деп ойлаймын. Себебі ол көріпкел, тәуіп дегендерге қатты сенеді. Мен онымен танысқаннан кейін тек Нұрланды ойладым. Басқа адамдармен араласпадым. 2020 жылы айырылысып кетсек те менің өмірімде басқа еркектер болған жоқ, өзіме ешкімді жолатқан жоқпын. Менің арым таза, мен ол кезде жас болдым",- дейді ол.
Келіншек қазір Абдуллинмен соттасып жүргенін айтады. "Нұрлан Абдуллин миллиардер. Бірнеше компаниясы бар. Бірақ баласының жағдайын жасамай отыр. Табысын жасырады. Ұлына пәтер алып берсін",- дейді ол.


