«Мұрнымнан аққан қанды бас киіммен сүрттім»: Белгілі әншінің әйелі соққыға жығылған (видео)

Oinet.kz 14-06-2024 1028

Бес жыл бойы соққыға жығылғанын айтқан “Меломан” әншісінің бұрынғы әйелі күйеуінің ұрған сәтінің видеосын көрсетті, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_3.jpg

Нұрила Ақберен есімді блогер оқырмандарына жан сырын ақтарып, отбасылық өміріне қатысты өз шындығын айтты. Ол соққыдан кейін ауруханаға бара жатқан сәтін бөліскен.

“Мынау қан. Мұрным қатты қанады. Оны бас киіміммен сүрттім. Ернім мен мұрным ісіп кетті. Бетім ауырып тұр. Ол мені ұрды. Сосын кешірім сұрап, қазір мешітте намаз оқып жатыр. Қазіргі уақытта түрім осындай. Мұрнымды түсіріп, тексеріп көрейін деп келдік", – дейді Ғабит Бибасыұлының экс әйелі видеода. 

Сонымен қатар өзін “хайпер келіншек” деп қаралап жатқандарға жауап берді. 

“Маған хайп керек болса, ұрған кезінде шу шығаратын едім. Ажырасып жатқанда айқай салатын едім. Егер осы күнге дейін үндемей келсем, айтып жатқандарым өтірік деген сөз емес. Үндемегенімнің бір-ақ себебі бар - балаларым. Оларға әке керек, әкенің жылуы мен махаббаты керек. Қыздарына әке қорғаныш болмағанда, кім болады? Осы ойлармен ат жібін мен жақтан айқай шусыз үзіскен болатынбыз. Осы уақыт аралығында қаншама жағдайлар болды, бірін де айтпадым, сенесіздер ме?”, – деп жан сырын ақтарды блогер. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Нұрилла Ақберген| Журналист | Бьюти | Блогер | Тейпинг (@nurillaakbergen)

Баян Алагөзова сотқа жүгінбек: оны қорлаған кім
«Ақша табу үшін дәретхана тазалаудан да арланбаймын»: Танымал ақын Нұрболат Абдуллинге ренішін айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу