Сәкен Майғазиев жол апатына түсті

Oinet.kz 13-10-2023 2859

Белгілі әнші Сәкен Майғазиев Сарыағашқа бара жатқан жолда апатқа ұшырады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Screenshot_1.jpg

Өнер иесі жол апатының салдарын әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

“Жолда сақ болыңыздар! Бір Алла қақты! Сарыағашқа келе жатыр едік. Осындай жағдай болды. Бәрі жақсы болсын. Бәле-жаладан сақтасын. Абайлап, асықпай жүріңіздер! Жол тар, көлік көп. Бір-бірімізді басып озамыз деп осылай болды. Алла жар болсын. Аман қалғанымызға Аллаға шүкір”, – дейді Сәкен Майғазиев.

Әнші парақшасында бір-біріне соқтығысқан екі көліктің жағдайын көрсетті.

“Әсіресе ана көлік бағанаға соғылмай, аман қалыпты”, – деп жол жиегіне қарай шығып кеткен көлікті нұсқап.

Өнер иесі болған оқыс жағдайдан кейін өзіне жазып, алаңдап жатқан оқырманға алғысын білдірді.

“Тілектес жандардың барлығына мың алғыс. Шынында осындай оқиға орын алды. Ең бастысы аманбыз. Сарыағашқа барып ән кешімізді өткізіп, салтанатты тойға қытысып, аман-есен Шымкентке оралдық. Алла осылай сабақ беріп, сынап қояды”, – дейді әнші.

«Еркімнен тыс дүниелерді жасауға мәжбүр болғандықтан»: Балжан Бидаш күйеуімен ажырасу себебін айтты
Кәмшат Жолдыбаева күйеуімен түскен суреттерін не себепті жарияламайтынын айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу