Подъезге кіріп кеткен түлкі дәрінің әсерінен өліп қалды

Oinet.kz 18-02-2026

Қостанай облысы Рудный қаласында көпқабатты үйдің подъезіне кіріп кеткен түлкінің жағдайы белгілі болды,- деп жазады Оinet.kz.

 image.png

Түлкіні табиғи ортаға қайтару үшін арнайы мамандар келіп, оған ұйықтататын дәрі салған. Алайда түлкі әбден қартайған және қатты әлсіреп қалғандықтан дәрінің әсеріне шыдай алмай, өліп қалған.  Кейіннен мамандар оның өлексесін санитарлық талаптарға сай жойған. 

"Кейінгі әрекеттер қолданыстағы биологиялық және ветеринарлық нормаларға толық сәйкес жүргізілді. Барлық қызметтер дер кезінде әрі үйлесімді жұмыс істеді. Жағдай толық бақылауда болды, тұрғындардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнген жоқ",- делінген Рудный әкімдігі таратқан хабарламада.

Рамазан 2026: кесте, пітір садақа, дұғалар
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу