Рамазан 2026: кесте, пітір садақа, дұғалар
Биыл қасиетті Рамазан айы 19 ақпанда басталады, – деп хабарлайды Оinet.kz.

Ал Қадір түні наурыздың 16-нан 17-іне қараған түнге сәйкес келеді. Ораза айт наурыздың 20-сында басталып, үш күнге созылады. Ал Құрбан айт 27-29 мамыр аралығында өтеді.
Сәресіде айтылатын дұға:
Оқылуы: «Нәуәйту ән асумә саумә шәһри Рамаданә минәл фәжри иләл мағриби халисан лилләһи таъалә».
Мағынасы: «Таңертеңнен кешке дейін Алланың ризалығы үшін Рамазан айының оразасын ұстауға ниет еттім».
Ауызашарда оқылатын дұға:
Оқылуы:«Аллаһуммә ләкә сумту уә бикә әәмәнту уә ‘аләйкә тәуәккәлту уә ‘ала ризқикә әфтарту. Зәхәбә Зома уәбтәллатил-‘уруқ уә сәбәтал-әжру ин шәә Алла».
Мағынасы: «Алла Тағалам! Сенің ризалығың үшін ораза ұстадым. Сенің берген ризығыңмен аузымды аштым. Саған иман етіп, саған тәуекел жасадым. Шөл кетті, тамырлар суланды, Алла қаласа сауабы да қалды».
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының мәліметінше, 2026 жылға келесі көрсеткіштер бекітілді:
Пітір садақасы – жан басына 735 теңге. Бұл сома 2 кг ұнның орташа құны негізінде есептелген. Ораза айт намазына дейін отбасының әрбір мүшесі үшін төленеді.
Підия – өткізіп алған әрбір ораза күні үшін 4 000 теңге. Бұл денсаулық жағдайына байланысты ораза ұстай алмайтын жандар үшін берілетін өтемақы.
Зекет нисабы (алтынмен есептегенде) – 6,8 млн теңге. Бұл жинақталған қаражаттың ең төменгі шегі. Егер сіздің бос қаражатыңыз жыл бойы осы сомадан асса, зекет төлеу парыз болады.
Зекет мөлшері – нисаптан асатын жинақ сомасының 2,5%-ы.
Сондай-ақ, Қазақстанның барлық өңіріне арналған ораза кестесін ұсынамыз.
Астана қаласы

Алматы қаласы

Шымкент қаласы

Жезқазған қаласы

Түркістан қаласы

Петропавл қаласы

Павлодар қаласы

Ақтау қаласы

Қызылорда қаласы

Қостанай қаласы

Қарағанды қаласы

Орал қаласы

Талдықорған қаласы

Тараз қаласы

Өскемен қаласы

Атырау қаласы

Қонаев қаласы

Ақтөбе қаласы

Көкшетау қаласы

Семей қаласы



