Жабық дәретхана үшін директор қызметінен кетті

Oinet.kz 18-03-2026

«Астана – Щучинск» автожолындағы жол бойы дәретханасының жабық болуы қызметтік тексеруге себеп болды. Нәтижесінде жауапты компанияның өңірлік филиал директоры қызметінен босатылды, деп  жазады Оinet.kz.

image.png

ҚазАвтоЖол мәліметінше, 8 наурыз күні аталған трассаның 29-шақырымында орналасқан санитарлық нысандардың жұмыс істемейтіні анықталған. Осы жағдайға байланысты компания ішкі тексеру жүргізген.

Тексеру нәтижесінде сервистік компанияның облыстық филиалын басқарған директорды қызметінен босату туралы шешім қабылданған.

Бұдан бөлек, ұлттық компанияның филиалдары мен орталық аппаратындағы бірқатар қызметкерлер де тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Компания жол бойындағы сервистік нысандардың тұрақты әрі сапалы жұмысын бақылау күшейтілетінін мәлімдеді.

Айта кетейік, қазіргі таңда еліміздегі республикалық маңызы бар автожолдар бойында 176 модульдік жылы санитариялық-гигиеналық торап орнатылған.

Африкадан Алматыға оралған әйелден безгек ауруы анықталды
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу