Сыған әйел сол кезде шындықты айтқан екен, бекер құлақ аспаппын

Oinet.kz 01-02-2023 4016

Сәлеметсіздер ме?! Мен 24 жастағы бойжеткенмін. Оңтүстіктің қызымын. Қазір, Алматыдағы универлердің бірінде сабақ берем, одан басқа репетитор болып жұмыс жасаймын.

Screenshot_1.jpg

Айтайын дегенім жігіт мәселесі. Танысқан жігіттерім бір-екі рет кездескен соң хабарласпай кетеді. Бойым 1.70, салмағым 48 кг семіз де емеспін, бір жігітке жар болар түрім де баршылық. Бірақ, неге екенін...

Анама магистратура бітіргенше тұрмысқа шықпаймын деп едім, Алла нәсіп етсе осы жылы магистратураны бітірем. Туысқандарымда тұрмысқа шығуға әрекет жаса, карьера деп жүріп қалма деиді.

Тіпті, бірге жұмыс жасайтын апай да баласымен таныстырып еді, олда хабарласпай кетті. Анасына "ұнады, сүйкімді, ақылды қыз екен, өзін- өзі ұстауы, мәдениеттілігі ұнады, бірақ, бірдеме одан алшақтатып тұрған сияқты" деп айтыпты. Шыңдап қорқайын дедім.

Тұйықталып кеттім. Кездесуге шақырған жігіттерге шығуға жүрексініп қалдым. Құрбыларыммен де кездесуден қашатын болдым.

Мектеп бітірген жылы базарда бір сыған әйел: "қызым, сенің жолыңды байлап тастаған, бақытсыз өтсін деп алдыңнан тұз шашқан, маған 2 түрлі жіп әкел ашып берейін жолыңды, сенен ат пен түйенің құнын сұрамаймын ғой" дегенде мән бермеген едім, енді сол ойымнан кетер емес. Расымен де өмірде дуа жасату деген нәрсе бар ма? Бар болса қалай қайтаруға болады? Балгерлерге баруға қорқам. Қандай ақыл айтасыздар? Алдын-ала рахмет! Алла разы болсын!

Аноним

Alashainasy.kz 

Дуаның күшіне үш рет куә болдым
Қарғыс атқан келіншек
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу