«Ұлыңды шайтан түрткен» деді
10-11-2024
Бірде Сүлеймен пайғамбардың жанына ирелеңдеп жылан келеді де, сымға тартылғандай түп-түзу боп тұра қалады. Сүлеймен мұны көріп:
– Әй, жылан, өзің оқтай түзу екенсің ғой. Неге ирелеңдеп жүресің? – деп сұрады.
– Алла өзімді әу баста түп-түзу етіп жаратқан еді. Бірақ Ібілістің тілін алып, қисық жолмен жүруге мәжбүр болдым. Содан бастап бойым түзу болса да, жолым қисық, – депті жылан.