Шымкент: Есірткі жарнамасына қарсы күрес күшейтілді

Oinet.kz 04-11-2024 166

 000.jpg

Шымкент қаласының прокуратурасы заңсыз есірткі заттарын жарнамалау фактілерін анықтады. Бұл туралы аталған ведмостваның баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының тапсырмасын орындау мақсатында қала прокуратурасы әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында белгісіз тұлғалардың есірткі және психотроптық заттарды насихаттау, жарнамалау және сатумен айналысатын телеграм каналдарын анықтады.

Атқарылған жұмыс нәтижесінде «Кибернадзор» жүйесі арқылы есірткі заттарын жарнамалайтын 18 телеграм каналдары бұғатталды.

Қала прокуратурасы бұл бағыттағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыруда.

Мемлекет басшысы құқық қорғау органдарына есірткінің таралуына қарсы күресті күшейту жөнінде тапсырма берді.

Осыған байланысты Шымкент қаласының прокуратурасы нашақорлық жарнамаларымен күресу үшін аудан әкімдіктері жанындағы коммуналдық мекемелердің (Абай, Қаратау, Әл-Фараби, Еңбекші, Тұран) мыңнан астам қызметкерлерін жұмылдырды.

Бұдан кейін коммуналдық мекемелер қаланың тазалығын қамтамасыз ету және сақтаумен қатар, қоғамдық орындарда есірткіні сату және тарату сайттарының жарнамалары бар суреттерді құқық қорғау органдарына хабарлау арқылы күн сайын жоюға міндетті болады.

Бұл бастама есірткіні жарнамалаумен тиімді, мақсатты және тұрақты түрде күресуге мүмкіндік береді.

--Бүгін жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып, ерікті жастардың қатысуымен «Нашақорлыққа жол жоқ!» атты ауқымды жұмысты бастадық және ол тұрақты түрде іске асырылатын болады. Біз барлық қала тұрғындарын және бей-жай қарамайтын адамдарды бізбен бірге болуға шақырамыз, бірге осы зұлымдықты жеңе аламыз!—деп хабарлады Шымкент прокуратурасы.

Айта кетері, биыл Ұлттық құрылтайдың отырысмында Мемлекет басшысы:

-- есірткі саудасы, соның ішінде синтетикалық есірткі айналымы. Өкінішке қарай, бұл індет жаппай белең алып барады. Тек былтырдың өзінде есірткіге қатысты 7,5 мыңнан астам қылмыс анықталды. Заңсыз айналымнан 41 тонна есірткі алынды. Нашақорлық, әсіресе, балалар арасында тез таралып, жастарымыз уланып жатыр. Есірткімен күрес белсенді жүргізілмесе, ертең бәрі кеш болуы мүмкін. Қазір есірткі сатқан қылмыскер қатаң жазаға тартылады. Менің ұсынысым: есірткі заттарын өндіретін адамдардың жазасын барынша қатайту керек. Оны ең ауыр қылмыстарға теңестіру қажет. Парламентті бұл бастаманы қолдауға шақырамын,--деген болатын.


Шымкент: Жастарға нашақорлықтың салдары ескертілуде
Шымкентте халықаралық театр фестивалі басталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу