Шымкент: 251 отбасы баспаналы болды

Oinet.kz 02-11-2024 182

5.jpg 

Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы аясында Шымкентте тұрғын үй кезегінде тұрған 251 отбасы арендалық пәтерлермен қамтамасыз етілді. Оның ішінде 48 пәтер көпбалалы отбасыларға, 112 пәтер әлеуметтік әлсіз топтағы азаматтарға, ал 91 пәтер жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға берілді. Қазірде келісімшарт жасасу рәсімдері жүргізілуде.

Жаңа тұрғын үйлер 189 орамда және Тұран шағын ауданында орналасқан. Әлеуметтік пәтерлер 3-4 жайлылық класына сәйкес келеді, ең үлкен ауданы 73 шаршы метрге дейін қарастырылған. Құрылыс жұмыстарын “МК-ТІМЕ” ЖШС мердігер мекемесі жүргізген.

Айта кету керек, 2024 жылы Шымкент қаласында 2274 азаматты несиелік тұрғын үймен қамту жоспарланса, оның ішінде қазіргі таңда 304 азамат баспанаға қол жеткізді.

Айта кетері, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев:

-- Халықтың басым көпшілігі үшін тұрғын үй – ең өзекті мәселе. Маған азаматтардан күн сайын жүздеген өтініш келеді. Оның ішінде қолжетімді баспанамен қамтамасыз етуді сұраған хат өте көп. Бұл түйткіл мемлекет тарапынан мүмкіндігінше шешіліп жатыр. Тағы да қайталап айтамын, мемлекет шын мұқтаж адамдарға ғана жәрдем береді», - деп атап өткен болатын.

Сондай-ақ, биыл Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы  еліміздегі жаңа тұрғын үй бағдарламасы туралы айтқан болатын.

«Баспана – жұрттың  тұрмыс сапасын танытатын тағы бір маңызды көрсеткіш. Биыл 1 наурыздан бастап іске қосылған «Отау» ипотекалық бағдарламасы ел ішінде үлкен сұранысқа ие болып отыр. Бұған қоса ауыл және аудан орталығының тұрғындарына арналған жаңа тұрғын үй бағдарламасын қолға алу керек. Бұл ретте әлеуметтік тұрғыда осал топтағы жандар үшін несие өсімі 7 пайыздан аспауы қажет. Сонымен қатар сатып алу құқығымен жалға берілетін баспана санын бірнеше есе көбейтуді Үкіметке тапсырамын», – деді президент.


Шымкент: Қауіпті аймақтарға бақылау күшейтілді
«Дендропарк» қосалқы станциясы іске қосылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу