Антикор: Мемлекеттік сатып алуларға мониторинг жүргізілуде

Oinet.kz 01-11-2024 179

2.jpg 

Шымкентте сыбайлас жемқолыққа қарсы іс-қимыл департаменті жүргізген талдау барысында Қонаев даңғылының жалғасын салу бойынша жобаның құнын арттыру тәуекелі анықталған болатын. Әкімдікке ескерту хаты жіберілгеннен кейін, жобалық-сметалық құжаттамаға түзетулер енгізілді. Нәтижесінде 3,2 млрд теңге көлемінде артық шығындардың алды алынып, қаражат үнемделген. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Шымкент қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Қанат Сүлейменов мәлім етті. 

Бағаны көтеру тәуекелдеріне жол бермеу үшін департамент мемлекеттік сатып алуларға тұрақты мониторинг жүргізіп келеді. Тек биылдың өзінде бюджеттен 6 млрд теңгеден астам қаражат үнемделген. Мұндай бақылау шаралары мемлекеттік қаржының тиімді жұмсалуына және құрылыс саласындағы заңсыз әрекеттердің азаюына ықпал етуде.

Спорт саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою үшін енгізілген 34 ұсынымның 19-ы қазіргі уақытта ішінара орындалуда. Ауыр атлетика, жекпе-жек және басқа спорт түрлері ұйымдарының 19 жаттықтырушысы мен 13 әдіскерінің жалған құжаттар негізінде алған «Біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы» және «Біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты әдіскер» атақтарының күші жойылды.

Негізсіз үстемеақылар үшін бюджетке 1,9 млн теңге қайтарылды. Сонымен қатар, бюджеттік спорт ұйымдарының қызметкерлеріне қосымша ақыны есептеуде бірнеше кемшіліктер анықталды. Құқықтық актілердегі олқылықтар, жаттығу процесін қамтамасыз ету үшін қосымша ақыны өз бетінше есептеу мүмкіндігі негізсіз жоғары үстемеақылардың қалыптасуына ықпал еткен.

Бірқатар спорт мекемелерінде жалақыға қосымша ақы 500%-дан асатын жағдайлар орын алған. Әкімшілік-басқару персоналына да үстемеақы есептеледі. Оқу процесіне қосымша ақылар спорт мектебі директорларының жүргізушілеріне, коменданттарға, референттерге, мұрағатшылар мен от жағушыларға тағайындалған. Осы тұрғыдағы жалпы сомасы 15,5 млн теңгеге 16 факті анықталып, 13,3 млн теңге бюджетке қайтарылған.


Шымкент: Жемқорлық тәуекелдерінің картасы әзірленді
Нашақорлықпен күреске ерекше назар аударылуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу