Достық велошеруі қайта жалғасты

Oinet.kz 19-10-2024 189

7.jpg 

Шымкент қаласы көршілес Өзбекстан Республикасымен арадағы іскерлік байланыстар нығайып келеді. Екіароадағы импорт, экспорт тауарлардың көлемі көбейді.

Соңғы уақытта Шымкент өзбекстандық инвесторлардың ерекше қызығушылығын тудыруда.  Мегаполистің экономикасы мен әулеуметіне оң әсер ететін жобалар қолға алынуда.   Шымкент пен Ташкент туризмді бірлесіп дамыту жөнінде өзара уағдаластық жасасқан. Осы бағытта да бірлескен жобалар бар. Екіарадағы байланыстар тек экономикада да ғана емес, мәдениет, спорт саласында да жалғасуда. Мәселен   Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында 2019 жылдан бері Шымкентте вело шеру ұйымдастырылып келеді. Карантиндік шектеулерге байланысты бұл шара уақытша тоқтатылған еді, бірақ биыл еліміздегі ең ірі вело шеру қайта жанданды. Бұл туралы Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен, Спорт және дене шынықтыру басқармасының ұйымдастыруымен өткен шараға еліміздің әр өңірінен 150 велошабандоз қатысты. Оларға 120 шақырымды жүріп өту міндеті жүктелді. Жарыс жолын бағындырған барлық қатысушылар медальдармен марапатталады.

Жиынның ашылу салтанатында қала әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Асылов вело шерудің маңыздылығына тоқталды.

«Бүгінгі спорттық іс-шараның мақсаты – Шымкентте велосипед спорты мен салауатты өмір салтын насихаттау. Мемлекет тарапынан спортты дамытуға айрықша мән берілуде, әрбір азаматтың спортпен айналысуына жағдай жасалуда. Таяуда ғана ашылған 6 шақырымдық вело жолағы Шымкент қаласындағы инфрақұрылымды дамыту жобасының бір бөлігі. Қалада велосипед спорты мен жеңіл атлетика мектебі жұмыс істейді, соның нәтижесінде спортшыларымыз халықаралық жарыстарда еліміздің туын желбіретіп жүр», – деді Қуаныш Асылов.

Шараға тек қала тұрғындары емес, басқа өңірлерден келген қонақтар да қатысты.


Шымкент: Тұрғындардың өтініш-тілектері бойынша талдау жүргізіледі
Шымкент: Халықтың өтініш-тілегі ескерусіз қалмайды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу