Шымкент: Тұрғындардың өтініш-тілектері бойынша талдау жүргізіледі

Oinet.kz 18-10-2024 192

 000.png

Президенттің тапсырмасы бойынша жүзеге асқан «Халықтың үніне құлақ асатын» мемлекет тұжырымдамасы кез-келген мемлекеттік қызметкердің басты ұстанымына айналуы тиіс.

-- Өтініштерді қарауға қатысты жұмыстың бірыңғай экожүйесі қалыптаса бастағаны өте маңызды. Бұл жүйе халықтың қажеттілігі мен талап-тілегін нақты біліп отыруға мүмкіндік береді. Мемлекеттік органдар өз жұмысын жетілдіру үшін азаматтардың өтініштерін талдауға көбірек назар аударуға тиіс,--деді жуырда Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында. 

Осы тұжырымдама аясында Шымкенттің әкімі Ғабит Сыздықбеков жуырда мегаполистің  Спорт, Ақтас, Жаңаталап, Айкөл, Агроферма Қарасу шағын аудандары мен Добролюбов көшесі тұрғындарының өзекті мәселелері талқыланды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Кездесулерде қаңғыбас иттерді аулау, су бұру жүйелері, жер қатынастары, аула аумақтарын абаттандыру және көгалдандыру мәселелері көтерілді.

Жаңаталап шағын ауданында қала әкімі тұрғындармен бірге жаңа көпірдің ашылуына қатысты. Естеріңізге сала кетейік, осы жазда жауын-шашынның көп болуына байланысты Бадам өзені суы күрт көтеріліп, өткен ғасырдың 70-ші жылдарында салынған көпір тіректері бүлінген. Пайдалануға берілгелі көпірде жөндеу жұмыстары жүргізілмеген.

Қала басшысының тапсырмасы бойынша жергілікті тұрғындар үшін уақытша айналма жол ұйымдастырылып, қоғамдық көлік қозғалысы қайта жанданды. Өз кезегінде Ғабит Сыздықбеков мердігер ұйым басшылығына нысанды уақтылы пайдалануға бергені үшін алғысын білдірді.

Ал Агроферма Қарасу және Айкөл шағын аудандарында қала тұрғындары мектеп пен жол салу, әлеуметтік қызметтер көрсету және инфрақұрылым жүргізу мәселелеріне тоқталды. Қала тұрғындарымен кездесу нәтижелері бойынша мәселелер мен өтініштерге мұқият талдау жүргізіледі. Алдағы жылдарға жұмыс жоспары жасалады.

Қала әкімі жылдар бойы шешілмеген және егжей-тегжейлі зерттеуді қажет ететін проблемаларды атап өтті. Кешенді шаралар жүргізіліп, өзекті мәселелер жүйелі түрде шешілетін болады.


Шымкент: Кәсіби мерекеде—жаңа ғимарат
Достық велошеруі қайта жалғасты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу