Шымкентте этномедиация тақырыбында семинар өтті

Oinet.kz 18-10-2024 11

4.jpg 

 Шымкент қаласында басталған ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесі «Елдесу және татуласу» жобасы аясында медиация институтын дамытуға арналған семинар-тренингі М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде жалғасын тапты. Бұл туралы Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Семинар Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы Нұркен Әлімқұлов ашып, медиацияны соның ішінде этномедиация әлеуетін этносаралық қарым-қатынастар саласында ұтымды қолдану жайына айрықша тоқталды.

– Біздің көздегеніміз – этномедиацияны дамытуға жағдай жасап, медиаторлардың біліктілігін арттыру ісіне атсалысу және этномедиатор-келіссөз жүргізушілердің әлеуетін ел бірлігі жолында тиімді пайдалану, – деді Н.Құрманұлы.

Семинарға жоғары оқу орындарындағы ҚХА орталығының мамандары мен оқытушылары, мемлекеттік мекемелер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері қатысуда.

Семинар-тренингте ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесінің сарапшысы Талшын Италиева, Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Этномедиация кеңесінің төрағасы, Ұлттық Құрылтай мүшесі Шерзод Пулатов, психолог-конфликтолог Резеда Баймухаметова сынды жоғары білікті мамандар тыңдаушыларға дәріс оқып, тиімді тәжірибелерімен бөлісуде.

Сондайақ, Шымкент қаласында Республика күні қарсаңында мемлекеттік тілді дәріптеуге арналған «Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік символы» атты байқау өтті. Бұл шараны қалалық Тілдерді оқыту-әдістемелік орталығы ұйымдастырды, ал оның басты мақсаты – қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтіп, мемлекеттік тілге деген қызығушылықты арттыру.

Елімізде мемлекеттік тілді үйренуге барлық мүмкіндіктер жасалып келеді. Арнайы оқыту орталықтары мен мектептер, жоғары оқу орындары қазақ тілін меңгеру үшін қажетті жағдайларды ұсынады. Қазақ тіліне деген қызығушылық тек қазақ ұлтының өкілдерімен шектелмей, өзге этнос өкілдері арасында да артып келеді. Мәселен, №48 жалпы орта мектебінің ұстазы Мафтуна Сейдова байқауға қатысуға шешім қабылдағанын атап өтті. Қазақ тілін бала кезінен жетік меңгерген ол, байқау арқылы тілге деген құрметі мен сүйіспеншілігін көрсетіп, өзгелерге үлгі болуды мақсат еткен.

Байқау үш кезеңнен тұрды. Бірінші кезең – «Жұлдызды сәт», онда қатысушылар өз өнерлерін – ән айту, би билеу немесе көркемсөз оқуды көрсетті. Екінші кезеңде Отан, ел, туған жер туралы мақал-мәтелдерді жалғастыру сынағы өтті. Ал шешуші кезеңде салт-дәстүрлер мен белгілі тұлғалар туралы білімдерін паш етті.

Байқауға іріктеліп өткен 21-35 жас аралығындағы түрлі этнос жастары қатысты. Қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтап, І, ІІ және ІІІ орын иегерлеріне бағалы сыйлықтар табыстады. Сондай-ақ, барлық қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.


Шымкент: Әкім Қаратау тұрғындарының талап-тілегін тыңдады
Шымкент: Кәсіби мерекеде—жаңа ғимарат
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу