Шымкент: Әкім Қаратау тұрғындарының талап-тілегін тыңдады

Oinet.kz 18-10-2024 42

 000.png

--Мемлекеттік басқару ісінің тиімділігін барынша арттыру керек.

Мен «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын ұсынғалы бес жылдан астам уақыт өтті. Осы уақыт ішінде қоғам мен билік құрылымдары арасындағы қарым-қатынас мәдениетін өзгерте алдық. Пікір білдірудің бірқатар тиімді тетігі және түрлі диалог алаңдары пайда болды. Мемлекеттік қызметшілердің азаматтармен тікелей сөйлесуі қалыпты жағдайға айналды. Бұл тұжырымдама мемлекеттік қызметшілер мінез-құлқының жаңа моделін қалыптастырды. Олар жауапкершілікпен, проактивті, ашық және тиімді жұмыс істей бастады. Дегенмен мемлекет пен қоғам арасындағы диалогтың сапасын одан әрі арттыра түсу үшін бәріміз адал әрі әділ болуымыз, тек заң аясында әрекет етуіміз, берген уәдеміз бен ісіміз үшін жауап бере білуіміз керек,--деп атап өтті жуырда халыққа арнаған Жолдауында Мемлекет басшысы.

Президенттің тапсырмасы бойынша жасалған «Халықтың үніне құақ асатын мемлкет» тұжырымдамасына сәйкес Шымкенттің әкімі Ғабит Сыздықбеков мегаполистегі  Қаратау ауданына қарасты Тұран, Нұртас, Мәртөбе, Мирас-2, Тассай және Достық шағын аудандарының тұрғындарымен көшпелі кездесу өткізді. Бұл туралы Шымкент өаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Тұрғындар жолдарды асфальттеу, көпқабатты үйлердің қасбеттерін жөндеу, газ және кәріз жүйелерін жүргізу сияқты мәселелерді көтерді. Шалғай көшелерге бейнебақылау камераларын, жол белгілерін, бағдаршамдар мен жарықтандыру жүйелерін орнату қажеттілігі де айтылды.

Келесі жылы Тұран шағынауданында 17 шақырымды құрайтын 33 көшені асфальттау жоспарланып отыр, ал бірінші жартыжылдықта 13 көшеге жарық беру жоспарлануда. Мәртөбе тұрғын алабында үздіксіз энергиямен қамтамасыз ету үшін кабельдер мен тозған трансформаторларды ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Мирас шағын ауданында 2025 жылы кәріз желілерінің құрылысын аяқтау жоспарланған. Әкім Тассай тұрғындарының сұрауы бойынша медициналық бекет салу мүмкіндігін қарастыруды тапсырды.

Кездесу барысында қоғамдық көлік аялдамаларының сапасы мен қозғалыс кестесіне байланысты шағымдар да айтылды. Барлық мәселелер назарға алынып, тиісті шаралар қабылдау үшін нақты тапсырмалар берілді.


Тазалық --әр адамның азаматтық борышы
Шымкентте этномедиация тақырыбында семинар өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу