Шымкент: Көшпелі кездесу Еңбекші ауданында жалғасты

Oinet.kz 17-10-2024 113

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековт тұрғындармен көшпелі кездесуі Еңбекш ауданында жалғасты. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Screenshot_20.jpg

Қала әкімі Еңбекші ауданындағы Шаңырақ, Тұрдыабад Базарқақпа, Абдулабад шағын аудандары мен тұрғын алаптарының азаматтарымен кездесті. Кездесу барысында тұрғындар коммуналдық қызметтердің жұмысы, электрмен жабдықтау, қаңғыбас иттер, автобус аялдамалары мен жол белгілерін орнату және көше жарықтандыру мәселелерін көтерді.

Сонымен қатар, тұрғындар жер учаскелерін заңдастыру, көшелерді көгалдандыру, жол мен спорт алаңдарын салу, қоғамдық көлік және кәсіпкерлік нысандарының қызметіне қатысты мәселелерді де қозғады.

Кейбір мәселелер сол жерде шұғыл шешімін тапса, күрделі мәселелер бақылауға алынып, заң аясында кезең-кезеңімен шешілетін болады.

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков аудан әкімдігі мен басқарма басшыларына қала тұрғындарының өзекті мәселелерін шешуге ерекше назар аударуды, сондай-ақ оларды жедел әрі тиімді шешу шараларын қабылдауды тапсырды. Барлық күш-жігер ең алдымен халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталуы тиіс екенін атап өтті.

Сонымен қатар, «Базарқақпа» тұрғын алабындағы көшпелі кездесу барысында жергілікті тұрғындардың күшімен жасалған жасыл аймақты аралап көріп, қолайлы микроклимат қалыптастыру және жайлы жағдай жасау үшін жауапты тұлғаларға бірқатар тапсырмалар жүктеді. Оның ішінде жаяу жүргіншілер жолдарын қарастырып, қоршау мен бейнебақылау камераларын орнату мәселесі бойынша жауаптыларға бірқатар міндеттер қойылды.

Шымкент: Түрлі этностар «Қазақ дастарханында» бас қосты
Шымкент туристерді несімен қызықтырады?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу