Шымкент: Тұранда 200 көше жарықтандырылады

Oinet.kz 16-10-2024 298

2024 жылы Тұран ауданындағы инфрақұрылымдық жұмыстар аясында 21 шағын ауданда 165 шақырымды қамтитын 200 көшеге 3500 дана жарықтандыру бағанасы орнатылады деп жоспарланған. 

Screenshot_18.jpg

Қазіргі уақытта ауданның 263 көшесі жарықтандырылды, оның ішінде 69 көшеге қосымша бағаналар орнатылған. Алты көшеде мердігер мекемелер тарапынан жұмыстар жалғасуда. Бұл туралы  Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында баспасөз конференциясында Тұран ауданы әкімінің орынбасары – Аманжол Бекбол баяндады.

Аманжол Бақытжанұлының айтуынша, жарықтандыру бойынша қосымша 153 көше (оның ішінде 92 көше Басқарма тарапынан және 62 көше ABM Bulding ЖШС арқылы) тізімге енгізілді. Қазіргі уақытта 23 көшеде жұмыстар аяқталды.Тұран ауданындағы 597 көшенің жалпы ұзындығы 697 шақырымды құрайды. Оның ішінде 153 көшеде 114 шақырым ирригациялық жүйе бар. 2024 жылы 48 көшеге 19,2 шақырым ирригация жүйесін орнату жоспарлануда. Бүгінде 11 көшеде жұмыс жүргізілуде, ал 7 көшенің ирригациялық жүйесі толығымен аяқталған.

2024 жылы ауданда 40 ойын алаңын орнату жоспарланып отыр, оның ішінде 30-ы балалар ойын алаңы, 8-і кешенді алаңша (балалар мен спорт алаңдары) және 2 спорт алаңы. Қазіргі уақытта 2 нысанда жұмыстар жүріп жатыр, 14 нысан пайдалануға берілді, ал қалған 24 нысан бойынша мердігерлер анықталуда.

Ағымдағы жылы аулааралық 60 аумаққа 154 жарық шамы орнатылып, тұрғындар үшін қауіпсіз әрі жайлы орта қалыптастыру жұмыстары жалғасуда. Бұдан бөлек, демеушілердің қолдауымен Түркістан шағын ауданындағы Айқап көшесінде балалар ойын алаңшасы, ал Рысқұлбеков көшесінде тренажерлық алаңша орнатылды.

Балаларды қорғау күніне орай, Қажымұқан стансасынан Дендросаябаққа дейінгі ұзындығы 6 шақырымға жуық "Тұлпар" балалар темір жолының орнына заманауи веложол салынды. Велосипедшілер үшін арнайы баспалдақтар да орнатылып, тұрғындарға ыңғайлы жағдай жасалды.

Шымкент: Тұранның инфрақұрылымы жақсарып келеді
Шымкент: Түрлі этностар «Қазақ дастарханында» бас қосты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу