Шымкент: Тұранның инфрақұрылымы жақсарып келеді

Oinet.kz 16-10-2024 310

Шымкент қаласындағы Тұран ауданының инфрақұрылымы қарқынды дамып келеді. Аудан аумағы 36 300 гектарды қамтып, мұнда 220,7 мың тұрғын тұрады. 21 шағын ауданнан тұратын аймақта 39 357 жеке үй, 544 көпқабатты тұрғын үй және 597 көше бар. Бұл туралы  Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында баспасөз конференциясында Тұран ауданы әкімінің орынбасары - Бекбол Аманжол Бақытжанұлы баяндады.

Screenshot_17.jpg

Елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамту деңгейі 95,5%-ды құрайды. Бұл көрсеткіш 2026 жылы толықтай 100%-ға жеткізілмек. Табиғи газбен қамту деңгейі де жоғары – 85,7%, ал электрмен қамту 95,2%-ға жетті. Жоспар бойынша, 2026 жылға қарай табиғи газбен қамту толық жүзеге асырылып, 2025 жылы сапалы электр қуатымен қамту көрсеткіші де 100%-ды құрайды.

Кәріз жүйесімен қамтамасыз ету мәселесі де шешілуде. Қазіргі уақытта ауданның 57,1%-ы кәріз жүйесіне қосылған, ал 2025 жылға қарай бұл көрсеткіш 60,2%-ға дейін өседі.

Сондай ақ, 2024 жылы 42 көшеде, жалпы ұзындығы 34,8 шақырым жол төселеді. Бұл жұмыстардың нәтижесінде асфальтталған көшелердің үлесі 80,2%-дан 87,4%-ға дейін артады. Қазірдің өзінде 40 көшеге асфальт төселіп, жол сапасын жақсарту жұмыстары жалғасуда.

Тұран ауданындағы бұл шаралар тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадамдар болып табылады.

2024 жылы Тұран ауданында қоқыс алаңдарын жаңарту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілмек. Аудандағы 54 қоқыс алаңшасына 260 жаңа қатты тұрмыстық қалдықтарды (ҚТҚ) жинауға арналған контейнерлер орнатылады. Нәтижесінде, аудан аумағындағы қоқыс контейнерлері 100% жаңартылатын болады. Бұл жобаны жүзеге асыратын мердігер мекеме анықталуда. Сонымен қатар, аудан аумағында 3060 қоқыс жәшігін орнату жоспарланып, қазіргі уақытта олардың 2200-і қойылды.

Шымкент: Көшпелі кездесу әл-Фарабиде жалғасты
Шымкент: Тұранда 200 көше жарықтандырылады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу