10 қазан - Кәсіподақтар күні

Oinet.kz 11-10-2024 292

Шымкентте  «Кәсіподақтар күні» мерекесіне орай, Шымкент қаласының кәсіподақтар орталығында «Қызмет» Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының ұйымдастыруымен мерекелік жиын өтті. Бұл туралы Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады. 

Screenshot_6.jpg

Жиынды «Шымкент қаласының кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Әлтеев Бауыржан Ілімшеұлы және «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Әуесханов Серік Елемесұлы ашты. Олар «Лайықты еңбек» жылында жеткен жетістіктерге ерекше тоқталып, қатысушыларды «10 қазан - Қазақстан кәсіподақтары күні» мерекесімен құттықтады.

Сондай-ақ кәсіподақ қозғалысының дамуына елеулі үлес қосқан әлеуметтік әріптестер мен белсенді кәсіподақ мүшелерін Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының, «Қызмет» салалық кәсіподағының, Шымкент қаласы әкімінің және Шымкент қалалық маслихатының наградаларымен марапаттады.

Атап айтқанда, олардың арасында «Үздік әлеуметтік әріптес» медалімен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық инспекциясының басшысы Әбдібақыт Мақұлбаев, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының «Құрмет грамотасымен» және «Қызмет» салалық кәсіподағының «Елеулі еңбек үшін» медалімен Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының «Шымкент қалалық мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бас бухгалтері, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Камиля Байтулешова, «Еңбек озаты» төс белгісімен Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының бөлім басшысы Мұхтар Сейтжапбаров пен Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының бас маманы Ақнұр Балғаевалар бар. Сондай-ақ, кәсіподақ саласында белсенді еңбек еткен бір топ азаматтар «Құрмет грамотасы» мен «Алғыс хаттар» марапатталды.

Осы жерде айта кетері, Шымкентте жұмысшылардығң еңбек құқықтарын қорғау шаралары белсенді түрде жүргізлуде. 2024 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 260 кәсіпорны 17 мың жұмыскерге 3,8 млрд теңгеге жалақы бойынша берешек екенін анықтады. Сонымен бірге түрлі ұйымдарда жүргізілген тексерулер барысында 6,9 мыңға жуық еңбек құқығының бұзылуы анықталды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлаған боатын.

Жалақы бойынша берешегі бар кәсіпорындардың басшыларына орындауға міндетті 222 ұйғарым берілді және 34,6 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Қабылданған шаралардың, оның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеудің нәтижесінде 15,6 мыңнан астам жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 3 млрд теңге төленді.

Шымкент: Ең үлкен жылыжайдың құрылысы 2026 жылы аяқталады
Шымкент: Тағы бір гүлзар пайдалануға беріледі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу