Шымкент: Референдумда жастар белсенділік танытуда

Oinet.kz 06-10-2024 231

9.jpg 

Шымкент жұртшылығы АЭС салуға қатысты рферендумға белсене қатысуда.

Мемлекетіміздің жарқын болашағы үшін жастар жағы да қарқынды түрде үлес қосуда. Олар бір уақытта «Арбат» демалыс аймағында жиналып, белсенділіктерін көрсетті. Қаланың әртүрлі аймақтарында да дәл осындай жастар акциясы ұйымдастырылған.

- Қала жастары референдумға келіп өз дауыстарымызды берудеміз. Тек таңдау жасап қана қоймай, акцияларға қатысудамыз. Өйткені, қала тұрғындары, кейінгі буын өкілдеріне біз үлгіміз. Жастар үнемі қозғалыста. Даму үстінде. Сол сияқты елімізде оң шешімдерді қабылдап өсуі тиіс. Бүгінгі референдум, болашаққа жасалған ең дұрыс шешімнің бірі деп білемін,-дейді шымкенттік жас Толғанай Әділхан.

«Арбат» демалыс аймағында 20 -ға жуық жастар жиналып, көк туды мақтанышпен көкке көтеріп жүрді. Бұл көрініс қала тұрғындарының көңілінен шықты.

Шымкент қаласында опера және балет театрының ғимаратында орналасқан №11 референдум учаскесінде тұрғындар лек-легімен келіп, белсенді түрде дауыс беріп жатыр. Олардың арасында Шымкент қаласының опера және балет театрының солисті, елімізге танымал опера әншісі Үрәлхан Сейілбекова өз таңдауын жасады.

- Референдум арқылы халқымыз маңызды шешім қабылдайды. Осындай кезде барлығымыз отансүйгіштік пен бірлігімізді көрсетіп, өз таңдаумызды жасауымыз керек. Өйткені, Қазақстанымыздың дамыған, өркениетті, әлемнің алдыңғы қатарлы елі болғанын қалаймыз. Бүгінгі референдум осы жолдағы маңызды бір белес деп есептеймін, — Ү.Сейілбекова.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, көптеген республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты.

Шымкент әзіл-сықақ және сатира театрының ұжымы республикалық референдумға қатысып, өз таңдауларын жасады. Өнер ұжымы Шымкент қаласындағы 231 референдум учаскесіне келіп дауыс берді.

Мемлекет үшін маңызды оқиғада азаматтық парызын орындаған әртістер өз отандастарының дауысы келешек үшін айрықша мәнге ие екенін атап өтті.

— Бүгінгі референдум барша қазақстандықтар үшін маңызды оқиға. Атом электр станциясын салу немесе салмау туралы таңдауды халықтың өзі жасап жатқанын жөн деп санаймын. Өз отандастарымды өз таңдауларын жасауға шақырамын. Себебі елдің болашағы қашан да халықтың қолында. Мен де қарапайым халықтың қатарындағы азаматпын. Менің де дауысым маңызды деп ойлаймын. Бүгін өз таңдауымды жасадым,- деді Шымкент әзіл-сықақ және сатира театрының әртісі Нұржан Құлшынбаев.

Айта кету керек, әртістер бұл референдумға ұлттық нақыштағы киімдермен келген. Ел алдында жүрген олар барша қазақстандықтарға дауыс берудің маңызды екенін айтты..

— Бұл үстіртін қарайтын шаруа емес. Маңызды оқиға. Өнер адамдары қашанда ел үшін жасалған қадамдарда, оқиғаларда алдыңғы шепте жүретін жандар. Сондықтан, үнсіз қалмай мемлекеттік мүдде үшін таңмен таласа келдік. Тек концерттер мен той-думандарда ғана емес, саяси шешімдер де төбе көрсеткеніміз абзал,-дейді Шымкент әзіл-сықақ және сатира театрының әртісі Гүлнұр Қалмырзаева.


Референдумда болашақ үшін шешім қабылдануда
Референдум «Жаңа Қазақстанның» маңызды қадамы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу